ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА 180 ОРЫНДЫҚ «МӘДЕНИЕТ ҮЙІ» СОҒЫЛУДА
1 min read
Мәдениет – халықтың ең үлкен қазынасы, ұлттың рухани болмысы, салт-дәстүрлерінің санғасырлық жиынтығы. Сондықтан бұл салаға ерекше басымдық берілуде. Соңғы жылдары ауылдағы ескі ғимаратта орналасқан клубтардағы қара құлыптар алынып, ғимараттар да жаңара түсуде. Мәселен, биылғы жылдың өзінде Жамбыл ауданында 3 «Мәдениет үйі» соғылуда.