ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТКЕНДЕР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?
1 min read
Еліміздің болашағы бүгiнгi жастар десек, кейбір жастарымыздың теріс діни ағымға еріп, саналарының улануы ойландыратын мәселе. Қазір біз теріс ағым деп кез келген радикалды фанатизмге негізделген, Қазақстанға жат діни ағымдарды айтып отырмыз. Теріс көзқарасты діни ағымдардың кейбір жастардың білім мен ғылымға деген ынтасын жойып, өзге мәдениет пен теріс құндылықтарды насихаттап, жастар арасында жанжал тудыру жағдайлары жоқ емес. Оған себеп әлеуметтік, психологиялық, рухани жағдай болуы мүмкін,-дейді жауаптылар. Облыс аумағында жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарды мамандар қалай анықтайды? Олармен қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?