ӨҢІР СӘУЛЕТІ ДӘУЛЕТТЕНІП КЕЛЕДІ
1 min read
Жамбыл облысы бойынша 371 қала мен елді мекеннің қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз етілген.Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына қажеттілігіне қарай түзету енгізу жұмыстарын жүргізу үшін, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитетімен келісу арқылы 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы бекітіліп, 2023 жылға жалпы 31 елді мекеннің бас жоспар жобаларына түзетулер енгізілді. Бұл жайлы бүгінгі өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері баян етті.