ЛУДОМАНИЯ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
Лудомания дерті қазір қоғамдағы күйіп тұрған мәселенің бірі. Өйткені еліміздегі ажырасулардың 40 пайызы осы кеселден болады екен. Ойынқұмарлықтың кесірінен жылына 30 мыңнан аса қылмыс жасалады. Мұның алдын алу үшін де атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Мәселен, биыл ақша айналымы ауқымды 323 ойынхананың дәурені аяқталды. Дегенмен, әлі де құмар ойынға есі кетіп, қарыз шырмауына түскендер азаймай тұр. Сондықтан қоғам ішінде түсіндіру арқылы алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда бүгін қоғам қайраткері Жан Ақжанов облыстың педагогикалық қауымдастығымен «Лудомания дерті: проблемалар мен шешу жолдары, профилактикасы» тақырыбында кездесу өткізді.