ОБЛЫСТА 69 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСПАҚ
1 min read
2023-2026 жылдар аралығында облыста құны 2,3 трлн. теңгені құрайтын 69 инвестициялық жоба іске аспақ. Нәтижесінде 5500 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Аталған жобалардың 13-і өткен жылы іске асырылып, 550 жаңа жұмыс орындары құрылған. Ал, биыл 186,5 млрд. тенгені құрайтын 28 инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Әрине мұның бәрі инвесторларға құқықтық және инфроқұрылым бойынша берілген қолдаудың нәтижесі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Инвесторлардың жайы облыс әкімінің қатысуымен өткен сараптамалық кеңесте қаралды.