АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ТАПСЫРЫЛДЫ
1 min read
Аймақта айран бағасы қымбаттады. Жұмыртқаның құны да шарықтап тұр. Неге? Ағарғанның қымбаттауын жауаптылар маусымаралық кезеңнің салдары десе, тұқымның өз бағасы қазір қымбаттай түскен. Өңір бойынша қазір азық-түлік инфляциясы 8,2 %-ды құрады. Жалпы инфляция 9,2%. Әлеуметтік маңызы бар азық бағасы көтерілмеген. Көкөніс құны да тұрақты. Бұған себеп әкімдік алдан ала жасаған форвардтық келісім. Алайда, өңірдегі бірқатар аудандардағы дүкендерде бағаны негізсіз қымбаттату деректері анықталған. Бұл жөнінде облыс әкімі аудан басшыларына бағаны бақылауға алуды тапсырды. Толығырақ жиыннан әріптесім толықтырады.