ОБЛЫС ӘКІМІ ШУ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданындағы Бірлік және Жаңақоғам ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен басқосуға облыстық салалық басқарма және құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.