ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД МӘСЕЛЕСІ
1 min read
Жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасы әлі де болса ең өзекті мәселе болып отыр. Қоғамда түйінді сұрақ ретінде қарастырылатын осы жағдайдың туындау себептері көп қырлы. Суицид – психологиялық құбылыс. Психологиялық тұрғыдан санасы әлі пісіп жетілмеген жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсау арқылы «өз мәселемді шешемін, бұл мен үшін қиындықтардан, дағдарыстардан шығудың жолы»деп ойлайтындығын ескерсек, суицидті кездейсоқ әрекет ретінде санауға болмайды. Сол үшін де алдын алу шараларын жүйелі жүргізу маңызды.