9 Май 2025, Пт

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛУШІ ТУРИСТЕР КӨБЕЙГЕН

Жамбыл жері тарихи ескерткішке бай. Қасиетті орындары бабалардың асқан шеберлігімен салынған өрнегімен ерекшеленсе, көне ғасыр алабындағы тұрмыстың ізі қалған өңір. Бүгінде облыс аумағында 3510 тарихи-мәдени ескерткіштер болса, оның 25-і республикалық дәрежеде. Сондай-ақ, 5 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұраларына енген. Соның бірі-Айша бибі кесенесі. Бүгінде мұнда жылына 2 мыңнан аса адам келіп зиарат етеді. Киелі делінетін осы нысан жайлы толығырақ тілші материалында.