КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ САРЫСУДА ОҢАЛТУ ЖӘНЕ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
1 min read
Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық жасау басты назарға алынған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды болашақта қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға, адамдармен емін-еркін қатынас жасауға, өзін тең дәрежеде сезінуге үйрету, арнаулы әлеуметтік қызмет сапасын жақсарту жолға қойылған. Күні кеше Қонституция күні қарсаңында Сарысу ауданы, Жаңатас қаласынан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.