9 Май 2025, Пт

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ МЕЙІРЖАН АЙМАНОВҚА АРНАЛЫП ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Тараздағы Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында орнатылған ҚР Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсттің ашылуы өтті. Шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, батырдың ата-анасы, жақындары, төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.