ӨҢІРДІҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ФОТО-ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ ӨТТІ
1 min read
Сурет — тарих айнасы. Сондықтан да ұрпақ үшін өте қажет. Мұндағы барлық суреттер құнды. Өткеніміз бен бүгінімізді айшықтайтын фото деректердің бәрі біз үшін қымбат. 1939 жылы Жамбыл облысы құрылғаннан кейін оның түрлі саладағы қызметін атқаратын облыстық мекемелері де жасақталды. Соның бірі Жамбыл облысының тарихын жинақтап, сақтап отырған қара шаңырақ – облыстық мемлекеттік архиві. Архив қызметкерлері айтулы датаны атап өтуде өлке тарихынан сыр шертетін фото-құжаттардың көрмесін ұйымдастыруды жөн деп тапты.