ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР
1 min read
Қуатты өңірлік ғылым-қуатты өңір. Таразда осындай атаумен өңірлік ғылымды дамыту бойынша ҚР Ұлттық ғылым академиясы президиумының отырысы өтті. Мұндағы басты мақсат- іс жүзінде назардан тыс қалып жатқан өңірдегі ғылымды қолдау, дамыту болып отыр. Отырысқа Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, жиылғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, саланы дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті.