ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖИЫНЫ
Күні кеше Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында елімізде алғаш құрылған «Достар қауымдастығының» кездесуі өтті. Достар қауымдастығы — жұмыс берушілерді, бизнес серіктестерді, танымал тұлғаларды, пікірлестерді және университет түлектерін біріктіру мақсатында құрылған ерікті қоғамдық ұйым.