Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен кеңесте наурыз айының басында Шу қаласындағы ауруханада болған қайғылы оқиға талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы жүкті әйел, медициналық көрсетілім бойынша ауруханаға түскен. Ақпаратқа сәйкес, пациенттің ауруханаға түскен кезде жағдайы тұрақты болған, бірақ бірнеше күннен кейін жағдай күрт нашарлаған. Түнде әйел аурухананың дәретханасында ес-түссіз күйде табылған. Жедел түрде ота жасалғанымен, сәбиді құтқару мүмкін болмады. Екі аптадан кейін әйел есін жимаған күйі қайтыс болды.
Сіздің телеарнаңыз!