8 Май 2025, Чт 3:38:10 AM

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛМЕК

Таразда интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында «Киберпол» жаңа бөлінісі жұмыс жасайтын болады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасын орындау мақсатында Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің ғимаратында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің, ПД бастығы Арманбек Баймурзиннің қатысуымен «Киберпол»пилоттық жобасы іске қосылды.