Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жеке кәсіпкер Сабыржан Бабалиев пен Мереке Бабалиеваның демеушілігімен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Кел, Жаңа жыл» атты шырша мерекесі өтті.