9 Май 2025, Пт

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ МАУСЫМ МАМЫРҒА ДЕЙІН

Тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық инфекциялар ауырған адамдар саны бойынша бірінші орында.Тұмаумен үнемі күресуге қарамастан, адамзат әлі күнге дейін тұмауды жеңе алмады. Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялармен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Жаңа эпидемиологиялық маусым ағымдағы жылдың 1 қазанынан басталып, келесі жылдың 1 мамырына дейін жалғасады. Бұл жайлы баспасөз брифингінде жауапты маман баяндады.