22 Апр 2025, Вт

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯНЫ БАЙЗАҚТЫҚТАР ҚОЛДАДЫ

Халқымыз көктем келісімен өз ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арығы, каналдардың көзін ашып, ел болып бірігіп көшелер мен алаңдарды тазалап, күл-қоқыстарды жинап, ағаш егіп, тұрмыс, шаруашылық мейрамы деп өткізген. Еске сала кетсек ағымдағы жылдың 8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастауын алды. Акцияға Байзақ ауданы да белсене атсалысты.