В последнее время в социальных сетях активно обсуждается вопрос создания семьи несовершеннолетними. Статистика показывает, что 90 процентов тех, кто вступает в брак в раннем возрасте, не имеют четких планов на будущее, что в результате приводит к разводу. Что нужно знать молодым людям, чтобы создать семью и сохранить ее крепкой, какой по сути она и должна быть? Смотрите в следующем материале.
В настоящее время особое внимание уделяется сфере образования. Требования тоже высокие. В стране обучаются тысячи учеников в современных учебных заведениях. Однако проблема школ в отдаленных районах, сельской местности остается актуальной и по сей день. Поэтому ликвидация аварийных школ и трехсменного обучения-вопрос повестки дня в Жамбылской области.
Өткен жылы облыста 56,5 мың тонна қалдықтар жинақталған. Оның кәдеге жарату үлесі 19% құрайды. Өйткені Жамбылда қоқыс өңдейтін зауыт жоқ. Ал, инвесторлар тарифтың төмендігі мен қоқыс көлемінің аздығынан қайта өңдейтін зауыт салуға құлықсыз. Сондай-ақ, қалдықтардың түрлері бойынша сұрыптау жүргізілмей, полигондардағы көлемі есепке алынбауда. Ал, аудандардағы коммуналдық және құрылыс қалдықтарын басқару жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы қалай орындалуда ? Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында осы мәселе талқыланды. Сондай-ақ, аудандар бойынша ивестиция тарту жұмыстары сараланды.
Бүгін № 61 орта мектебінің спорт залында «Досболlike: Достық қолын ұсын» акциясы шеңберінде қалалық білім бөлімі мен қалалық ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен отбасылық «Толағай» спорттық- интеллектуалды сайысы өткізілді.
Ел жадында ерекше сақталатын есімдер бар. Олар өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес Із қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады. Соның бірі, құрметті азамат, көрнекті қайраткер, ұлы адам, ірі тұлға — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхаммед Ахметұлы өнеркәсіп, құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығының дамуына ат салысты. Әлеуметтік және экономикалық салаларымен қатар, ғылым, денсаулық, спорт және мәдениет аяларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді. Ал, бүгінгі күні ел тарихындағы елеулі тұлғаның өнегелі істері қалай насихатталып жатыр? Тілші материалында.
Бүкіл адамзат мойындаған, шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Ғылымы күшті елдің болашағы кемел» деген қанатты сөзі мыңдаған жыл бұрын айтылса да, өзектілігі әр ғасырда жойылған емес. Қазіргі жаһандану заманында да ғылымның дамуы – әр мемлекеттің рухани және экономикалық күш-қуатының еселенуін қамтамасыз ететін маңызды фактор. Ғылым – білімнің жоғарғы сатысы. Бұлар бір-бірімен астасып, тұтасып жатқан бірегей сала.
«Ғылыми жабдық» термині сәулелік әдістерді қолданатын микроскопия әдістерінен әр түрлі зертханалық автоматтандыру технологияларына дейінгі көптеген қолдану салаларын қамтиды. Бұл өрістерде пьезо электрлік дәлдікті анықтау жүйелері кеңінен қолданылды және көптеген пайдалану жағдайларында үлкен рөл атқарды. Параллель қозғалыс жүйелері көп білікті қозғалыс шешімдері үшін өте қолайлы. Бұл жүйелердің көмегімен салмағы бірнеше тонна болатын пайдалы жүктемелерді де микрон деңгейінің дәлдігімен орналастыруға болады. Дәл осы құрал-жабдықтарды жоғары оқу орындары да қолданысқа енгізді. Осылайша студенттердің ғылым саласына деген қызығушылығын артып келеді.
Соңғы кездері әлеуметтік желіде кәмелеттік жасқа толмағандардың отбасын құру мәселесі қызу талқылануда. Балалығы басылмаған балалар, бала сүюге асығып жатады. Статистиканы сөйлетсек, ерте жаста неке құрғандардың 90 пайызының болашағы жоқ екені, арты ажырасуға әкеп соғатынын көрсетеді. Шаңырақ құрып, оны айрандай ұйып ұстау үшін жастар нені білу керек? Алдағы материалда.
Қазіргі кезде білім саласына аса ден қойылуда. Талап та жоғары. Елімізде заманауи талапқа сай салынған білім ошақтарында мыңдаған шәкірт тәлім алуда. Алайда шалғай аудан, ауылды жерлердегі мектеп мәселесі әлі күнге дейін өзекті қалпында қалып келеді. Сол себепті апатты жағдайдағы мектептерді және үш ауысымды оқытуды жою Жамбыл облысының күн тәртібіндегі мәселе.
Коллегия Жамбылского областного акимата под председательством главы региона Ербола Карашукеева рассмотрела итоги деятельности исполнительных органов за 2023 год. Социально – экономические показатели составили 102, 4 %.