20 Июн 2026, Сб

Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС НАУЧНЫХ ПРОЕКТОВ

С 26 февраля по 1 марта в  Таразе будет проходить  республиканский конкурс научных проектов, организованный Республиканским научно-практическим центром «Дарын» Министерства образования и науки РК. В конкурсе принимают участие около 900 школьников из разных городов страны. Подробнее в предстоящем видео!

ОБЕСПЕЧЕНИЕ КАЧЕСТВЕННОЙ ПИТЬЕВОЙ ВОДОЙ — В ЦЕНТРЕ ВНИМАНИЯ

На сегодняшний день вопрос обеспечения населения качественной питьевой водой  — в центре   внимания. В 2023 году начата реализация 54 проектов в сфере  водоснабжения населения области на общую сумму 13,6 млрд. тенге, по итогам года введено в эксплуатацию 34 объекта, строительство оставшихся  20 объектов является переходящим к 2024 году. Об этом сегодня на пресс-площадке заявили ответственные.

ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ БЕЗРАБОТНОЙ МОЛОДЕЖИ

В стране стартовал проект «ZHAS PROJECT-2024». В рамках которого молодым людям, желающим начать свою профессию, будут предоставлены безвозмездные гранты в размере 1 млн тг. Главное, чтобы проект был направлен на социальные цели. В этом году 280 казахстанцев смогут увидеть результаты от этого проекта. Среди них приоритет отдается молодежи категории NEET.

3 КУБА САКСАУЛА ИЗЪЯЛИ ПОЛИЦЕЙСКИЕ У ЖИТЕЛЯ ОБЛАСТИ

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Браконьер» сотрудники природоохранной полиции совместно с инспекторами оперативной группы «Сапсан» в одном из крестьянских хозяйств Сарысуского района выявили факт незаконного использования и перевозки саксаула. При проверке в кузове автотранспорта и во дворе хозяйства была обнаружена и изъята древесина (саксаул) в объёме более 3 кубов. По словам владельца внедорожника, дерево пустыни использовал в качестве топлива. По данному факту начато досудебное расследование. Назначена судебно-биологическая экспертиза.

 

САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ — БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі күні тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі жүйелі түрде назарға алынды.  2023 жылы облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен жабдықтау саласында жалпы 13,6 млрд. теңгеге 54 жобаны  іске асыру жұмыстары басталып, жыл қорытындысымен 34 нысан пайдалануға берілді, қалған 20 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болды. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында жауаптылар мәлімдеді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 26 ақпан-1 наурыз аралығында Тараз қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтуде. Конкурсқа еліміздің түрлі қалаларынан 900-ге жуық оқушы қатысып отыр.Толығырақ алдағы бейнематериалда!

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Жиында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы мен наурыз айында өтетін мерекелік іс-шаралар жайы талқыланды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК

Елімізде «ZHAS PROJECT-2024»  жобасы басталды. Жоба аясында өз кәсібін бастауға ниетті жастарға қайтарымсыз 1 млн тг көлемінде гранттар беріледі. Бастысы жоба әлеуметтік мақсатта болуы керек. Биыл ілкімді істің игілігін 280 қазақстандық көре алады. Оның ішінде NEET санатындағы жастарға басымдық беріледі.

3 ТЕКШЕ МЕТР СЕКСЕУІЛ ТӘРКІЛЕНДІ

Оңтүстік өңір үшін сексеуілдің маңызды қасиеті — жердің шөлейттенуіне жол бермеу. Жамбыл облысында шөлейттену әсіресе Мойынқұм және Шу аудандарында белең алып келеді. Үйлерін жылыту үшін осы өсімдікті кесіп тастағанда, адамдар шөлді мекендеушілерге орны толмас зиян келтіріп қана қоймайды, жануарларды бір уақытта сусыз және тамақсыз қалдырып, олардың жойылып кетуіне  апаратын нағыз экологиялық қылмыс жасайды. Күні кеше тәртіп сақшыларымен заңсыз 3 текше метр сексеуіл тәркіленді. «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Сарысу ауданының шаруа қожалықтарының бірінде «Сапсан» жедел тобының инспекторларымен бірлесіп сексеуілді заңсыз пайдалану және тасымалдау дерегін анықтады. Автокөлік шанағын және шаруашылықтың ауласын тексеру кезінде 3 текше метрден астам сексеуіл табылып тәркіленді.  Жол талғамайтын көлік иесі ағашты отын ретінде қолданғанын айтты. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды. 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОЖОЛДАРДЫ КҮТІП ҰСТАУ ЖЕЛІСІ — 883 ШАҚЫРЫМ

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау желісі — 883 шақырым. Ауа райының күрт нашарлауынан туындаған күре жолдағы қолайсыздықты жою мақсатында 120-дан астам техника жұмылдырылды, Сондай-ақ көрші өңірлерден қосымша техника тартылғанын атап өткен жөн. Автожолдарды тазалау жұмысы нормативтік мерзімдерге сәйкес жүргізілді.

  «ҚАЖсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл облыстық филиалы тарапынан жолдарды күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі. Одан бөлек, автожолдардағы шұңқырларды тегістеу жұмыстарын да жүргізуде.