В нашей области много спортивных мастеров, которые прославили нашу страну на различных мировых аренах. Некоторые из них-обычные парни из аулов . И один из них-профессиональный боксер Батыр Грузембаев. Боксер из Шуского района встретился с молодежью района, где родился и вырос.
5-летний Жансерик, проживающий в городе Жанатасе Сарысуского района, в будущем мечтает связать свою жизнь со службой в полиции и бороться с преступностью. Об этом он рассказал местным активистам, которые помогают ему собрать деньги на лечение. Увидев это видео в социальных сетях, начальник РОП Болат Айтжанов и его первый заместитель Канат Нарбеков решили порадовать мальчика и посетили дом будущего коллеги. Они подарили игрушки, сладости, полицейский жезл, и свою фуражку. Начальник РОП пожелал крепкого здоровья, успехов в учебе и поблагодарил его маму за то, что она поддерживает желание сына служить в рядах полиции.
Өңірде 2019 жылы пилоттық жоба негізінде басталған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде өз тиімділігін көрсетіп отыр. Нәтижесінде аталған жоба аясында былтыр облыста 24 млрд. теңгеге 10 аудандағы 38 округті қаржыландыру басталды. Алдын ала жасалған скрининг бойынша 4,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады. Ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаның артықшылығы мен ерекшелігі түрлі салаларға несиенің өте төмен пайызбен, яғни 2,5 пайызбен берілуінде болып отыр.
Облысымызда ел намысын асқақтатып, туын желбіретіп жүрген спорт саңлақтары жетерлік. Оның біразы ауылдан шыққан қарапайым жігіттер. Сондай жандардың бірі, кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев. Шу ауданынан шыққан боксшы жігіт өзі туып-өскен ауданның жастарымен кездесті.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылында 180 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Көктемнің алғашқы күндерінде игілікті істер көптеп атқарылды. Мәселен, Қордай ауылындағы шекаралық бақылау бекетінде модульді полиция бекетінің ашылу салтанаты өтті. Басқосуға аудан басшылығы, ардагерлер, қоғам белсенділері, полиция қызметкерлері қатысты.Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Сарысу ауданының Жаңатас қаласында тұратын 5 жасар Жансерік болашақта өз өмірін полиция қызметімен байланыстырып, қылмыспен күресуді армандайды. Бұл туралы ол емделуге ақша жинауға көмектескен қоғам белсенділеріне айтқан. Сарысу аудандық полиция бөлімінің басшылығы ол бейнежазбаны әлеуметтік желілерде көріп, баланы қуантуға шешім қабылдаған. Сарысу ауданының полиция бөлімінің бастығы Болат Айтжанов, оның бірінші орынбасары Қанат Нарбеков кішкентай балақайдың үйіне барды. Олар ойыншықтар, тәттілер, полицияның жезл таяғы және өз фуражкасын сыйға тартты. Жансерік полицейдің қалпағын киіп, қолына жезл ұстап, өзін жол полициясы қызметкерінің орнына таныстырып, қонақтармен бірге жол қозғалысы ережелерін жаттады. АПБ бастығы зор денсаулық, оқуда табыс тілеп, балақайдың анасы Жансаяға ұлының полиция қатарында қызмет етуге деген ұмтылысын қолдағаны үшін алғыс айтты. Баланың анасы полиция басшылығына көңіл бөліп, қолдау көрсеткені, баласының арманын орындағаны үшін алғыс білдірді.
Су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы, су айдау құралдарының болуы және өзендердегі мұздың әлсіреуі аса маңызды. Су тасқыны қаупі жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Абай, Жетісу облыстары жатады.
Биылғы қыс жылдағыдан ұзақ болды. Мұның бәрі таулардағы қардың еруіне әсер етпей қоймайды. Демек, су тасқыны қаупін туғызуы әбден мүмкін. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау үшін «КАЖсервис» орталығы су арналары мен каналдарды тазалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
В Жамбылской области продолжаются работы по зимнему содержанию республиканских трасс.
В целях обеспечения безопасного движения на автодорогах Жамбылской области ведутся активные работы по очистке дорожного полотна от снега и россыпи противогололедного материала. Всего для работ на автодорогах республиканского значения в области мобилизовано 50 единиц дорожно-эксплуатационной техники и более 70 человек персонала.
Жамбыл облысында республикалық маңыздағы жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары жалғасуда.
Қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысындағы тас жолдарды қардан тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңірдегі республикалық маңыздағы автожолдардағы жұмыстарға 50 арнайы жол-пайдалану техникасы мен 70-тен астам білікті маман жұмылдырылған.