В канун Международного женского праздника 8 марта аким области Ербол Карашукеев встретился с прекрасной половиной области, а именно ветеранами труда, обладательницами подвесок Алтын и Кумис алка и поздравил их с праздником.
Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар ұлғайып келеді. Өткен жылы тамшылатып және жаңбырлатып суару қондырғылары қолданылатын егістік көлемі 57,2 мың гектарға жетсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 65,8 мың гектарға дейін арттыру көзделуде. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен өткен су шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңесте айтылды.
Бүгін облыс әкімінің қатысуымен журналист, қоғам қайраткері Баттал Жаңабайұлы тұрган үйіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті. Өткенді қадірлеу, қасиет тұту, бүгінгілердің парызы, борышы. Жамбыл облысының құрметті азаматы Баттал Жаңабайұлы есімінің облысымыздың тарихынан, бай рухани өмірінен, аймақ журналистикасының шежіресінен ойып тұрып алар орны айрықша.
Бүгін Баласағұн мәдениет сарайында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен халықаралық әйелдер күніне орай «Әйел-әлемнің шуағы» атты мерекелік концерт өтті. Шараға ақ жаулықты әжелер мен көпбалалы аналар, түрлі сала өкілдері, аймақ дамуына үлес қосып жүрген арулар қатысты.
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, «Гүл жайнаған нәзік жандар» атты мерекелік шара өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні Тараздық аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыстағы нәзік жандыларды, атап айтсақ еңбек ардагерлерін, алтын және күміс алқа иегерлерімен кездесіп, мерейлі мерекесімен құттықтады.
11 наурыз күні мұсылман қауымы асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, қасиетті Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтанына баланған бұл Рамазанға алдын ала рухани және физикалық дайындалудың маңызы зор. Жүйелі жасалған қам-қарекет Оразаны пайдалы, қиындықсыз өткізуге септеседі.
В Шуском районе состоялась отчетная встреча территориальной избирательной комиссии с активом района. На повестке дня стоял вопрос о проделанной работе в 2023 году и планах на текущий год. В мероприятии приняли участие председатель Жамбылской областной территориальной избирательной комиссии Сергали Айдапкелов, аким Шуского района Бакытжан Жанибеков и председатель Шуской районной территориальной избирательной комиссии Азамат Ошанов.