Арыс қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес елді мекендерді көркейту, тұқымбақтарды дамыту, шегірткемен күресу және сасық кеурек өсімдігін қазу жұмыстарына тоқтау салу бағытында семинар-кеңес өтті. Семинар барысында көгалдандыру жұмыстарының қазіргі ахуалы, елді мекендердегі ағаш өсірудің проблемалары сараланды.
Оңтүстік өңірлік қолбасшылықта әскери қолданбалы спорт түрлерінен 23-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Жарыс жауынгерлік дайындықты шыңдауға, әскери қызметшілердің спорттық шеберлігін арттыруға бағытталып отыр.
Қазіргі уақытта білім мен ізденістің құны артып, сапалы білім – табысты болашақтың негізі болып отыр. Дәл осы тұста ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен түлектердің бірі – Шахноза Жумадуллаева. Ол биылғы сынақта табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында дараланып, білім бәйгесінде өзгелерден озып шықты.
Түркістан облысында жазда өрт қаупі болмау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы хабарлады.
Түркістандық жас баскетболшылар республикалық жарыста топ жарды. Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының 5–6 сынып оқушыларынан құралған баскетбол құрамасы Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде екінші орын иеленді. Жарыс осы айдың 19-26-сы аралығында өтті.