18 Окт 2025, Сб

Uncategorized

ӨҢІРДЕ 130 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл – республика көлемінде ең жоғары көрсеткіш. «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жүзеге асатын бастама халықты тұрақты жұмыспен қамтып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек

БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН

Түркістан облысында дәстүрлі Тамыз кеңесі өз жұмысын бастады. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен маңызды жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен сала жетекшілері қатысты.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Дәстүрлі тамыз кеңесінде өңірдің білім беру саласындағы негізгі бағыттары мен стратегиялық жоспарлары таныстырылды. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мектеп құрылысы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қатысты нақты шараларды атап өтті.

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР БОЙЫНША КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшы орынбасары Мақсат Есқара «Куаныш» сауда орталығы кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында басшы орынбасары 2026 жылы Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жүргізді.

МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУ САБАҚТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы №34 «Жайлы мектепте» жаңа оқу жылы қарқынды басталды. Бұл білім ошағына биыл алғаш рет 80 бала қадам басып, үш бастауыш сыныпқа бөлінді. Қазіргі уақытта олар үшін арнайы бейімделу сабақтары ұйымдастырылуда.

«ӘЙЕЛДІҢ ІШКІ ӘЛЕМІ» ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨТТІ

Түркістанда әйелдерге психологиялық қолдау көрсетуді мақсат еткен маңызды жоба өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен және «Бейсана» психологтар қауымдастығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан “Әйелдің ішкі әлемі” жобасы әлеуметтік осал топтағы әйелдерге арналды.

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА САҚАДАЙ САЙ

Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қызу жүруде. Оқу ордасының әрбір бұрышынан бастап, сынып пен жатын орындары жаңарып, білім алушыларға қолайлы кеңістік қамтамасыз етілуде.

МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістанда мектеп психологтарына арналған маңызды семинар өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен және «Бейсана» психологтар қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткен шара Ұлы Дала Елі орталығында ұйымдастырылды. Семинардың басты тақырыбы – жасөспірім кезеңіндегі қиындықтар және олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары болды.