Түркістан қаласында жаңа оқу жолының басталуына орай дәстүрлі «мектепке жол» акциясы өтті. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған шараға қала әкімімен бір қатар сала басшылары қатысты. Жиналғандар оқушыларды жаңа оқу жолының басталуымен құттықтап, әлеуметтік қолдау шараларын таныстырды.
Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күнініне 30 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат депутаттары, прокуратура және сот қызметкерлері, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері қатысты.
Түркістан қаласы Сауран ауданында 30 тамыз – Конститутция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім күнімен және Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы үш жылда республика көлемінде 1231 білім ордасы жаңғыртудан өтпек.
Кентауда тамыздың соңғы жексенбісінде кеншілердің кәсіби мерекесі аталып өтті. Бұл күн – кен өндіру саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың еңбегіне тағзым етуге арналған ерекше дата. Салтанатты шара қала тұрғындары үшін де тарихи маңызға ие.
Кентау халқының жайлы өмір сүруіне әкімдік тарапынан қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде қалада жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл мәдени шаһар тұрғындарының қауіпсіз өмір сүруіне кепіл. Қала әкімі Жандос Тасов атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, бірнеше нысанды аралады.
Бүгін Кентау қаласында Спорт күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл күн – спортшылардың еңбегін бағалап, бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін маңызды мереке. Шара барысында үздік спортшылар мен бапкерлер алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Кентау қаласындағы «Кентау Спорт клубы» баскетбол бөлімі — спортты сүйетін жас өрендер үшін үлкен мүмкіндікке айналып отыр. Бұл клубта балалар тек дене шынықтырумен айналысып қана қоймай, нағыз тәртіп пен табандылықтың не екенін үйренеді. Кентау қаласы әкімдігі де бұл бастаманы назардан тыс қалдырған жоқ. Әкімдік тарапынан спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, залдарды жөндеу және жарыстарға қатысу үшін қаржылай көмек көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Түркістан облысы халықаралық бизнес қауымдастықпен әріптестікті нығайтуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Дубайда орналасқан United Global LLC халықаралық құрылыс және инвестициялық компаниясының президенті Фуад Насрмен кездесті. Тараптар өңірде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады.
Түркістан облысында шетелдік әріптестермен бірқатар маңызды кездесулер өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Молдова Республикасының елшісімен және халықаралық компания өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Жиын барысында аймақтың инвестициялық әлеуеті мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды.