16 Окт 2025, Чт

Uncategorized

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы орайда, облыс басшысы Нұралхан Көшеров жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге мәселелердің оңтайлы шешу жолын қарастырды.

«ТІЛ ШЕБЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында және Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Тіл шебері» республикалық байқауы өтті. Шараға еліміздің 15 өңірінен іріктеліп келген мемлекеттік қызметшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік қатысушылар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Кентау қаласында Білім күні мен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Кентау политехникалық колледжінің бастамасымен өткен шараға өндіріс өкілдері мен жаңа оқу жылын бастаған студенттер қатысты. Бұл бастама жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, жаңа оқу жылының ерекше басталуына жол ашты.

«ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» ШАРАСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанаты бүгін Кентау қаласында «Әйел аманаты» жобасы аясында ауқымды шара өткізді. «Денсаулық керуені» деп аталатын бастаманың мақсаты – әйелдердің, соның ішінде жүкті әйелдер мен жаңа босанған аналардың денсаулығын тексеріп, кәсіби кеңес беру және алдын алу шараларын күшейту. Шара барысында дәрігерлер қабылдау жүргізіп, қатысушыларға тегін тексерулер жасады.

«КҮЗ 2025» ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Түркістанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Өңірдің жас сарбаздары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде борышын өтеуге аттанбақ. Әскерге шығар алдында олар Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаз өмірінің қыр-сырын көзімен көрді.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА СТАНДАРТТАР ЕНГІЗІЛЕДІ

Келер оқу жылынан бастап еліміздегі мектеп асханалары жаңа тамақтану стандартына көшеді. Бұл жаңашылдық балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа ережелер 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді.

ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында 2025-2026 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталуда. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты қаралды. Жиында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, алдағы қыс мезгіліне өңірдің толық дайын болуы керектігі қатаң ескертілді.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНДА ӨҢІРДЕ АУҚЫМДЫ ІСТЕР АТҚАРЫЛУДА

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында еңбек нарығын дамытуға бағытталған ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Кәсіптік білім беру, жастарға кәсіби бағдар беру және жұмысшы мәртебесін көтеру басты назарда тұр. Өңірде мыңдаған студент заманауи мамандықтарды игеріп, дуалды білім беру жүйесі кеңейтілуде.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 60 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

Түркістан облысында жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын арттыру мақсатында 60 жаңа санитарлық автокөлік өңірдегі медициналық ұйымдарға табысталды. Жалпы құны 4,2 миллиард теңгеден асатын заманауи көліктер озық медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.