15 Окт 2025, Ср

Uncategorized

ЖАҢА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН КІРПІШ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында заманауи қыш зауыты пайдалануға берілді. Ықыластемір елді мекенінде орналасқан өндіріс орны «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке инвестициясы есебінен салынған. Нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров зауыт ұжымына табыс тілеп, жаңа кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны әлі де көп. Биыл бірнеше жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы бірнеше көпқабатты үй аяқталып, кезекте тұрған отбасыларға кілт тапсырылады деп жоспарлануда.

«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР» МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ТАРТЫЛА БАСТАДЫ

Түркістанда мемлекеттік қызметке жастарды тарту жұмыстары жалғасуда. 2018 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі ашылған еді. Жоба талантты студенттердің қабілетін дамытып, мемлекеттік қызметке бағыт-бағдар беруге арналған.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары қатаң бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекендерді таза ауыз сумен қамту көзделген. Бұл бағытта өңірде жаңа су құбырларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

«СЕРПІН 2025» ФОРУМЫ ЖАС МАМАНДАРҒА ЖАҢА СЕРПІЛІС БЕРДІ

Түркістан облысында жас кітапханашылардың кәсіби дамуына арналған ауқымды республикалық форум өтті. Бұл жиынға еліміздің 12 қаласынан келген жас мамандар қатысып, жаңа жобалармен танысты. Шара жас кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, олардың мамандыққа деген қызығушылығын оятуға бағытталды.

ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан қаласында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шара басталды. 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» акциясы аясында полиция қызметкерлері қала аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алып, полиция мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

ДЕПАРТАМЕНТ ТЕКСЕРУІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ ӘШКЕРЕЛЕДІ

Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмыстарының нәтижесінде 92 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті хабарлады. Департамент өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініштері мен арыздары тұрақты бақылауда.

АДАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары күшейтіліп келеді. Әскерилер мен азаматтық қызметшілерге парақорлықтың зардабы мен заң алдындағы жауапкершілік кеңінен түсіндірілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР БІЛІМ САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Түркістан қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында «Конституция – Мемлекеттіліктің берік тұғыры» атты интеллектуалдық QUIZ сайысы өтті. Шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірлесе ұйымдастырды.