Түркістан облысында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мәселесі талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Жиынға аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары және қоғам өкілдері қатысты.
Түркістанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ведомствоаралық деңгейде ден қою жүйесін жетілдіруге арналған семинар-тренинг өтті. Шараға отбасылық қолдау орталықтарының басшылары мен сала мамандары қатысты. Жиында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін қызмет стандарттары талқыланып, агрессорлармен жұмыс жүргізудің жаңа әдістері таныстырылды.
Түркістанда Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Бұл мақсатта «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен сала мамандары қатысты.
Отбасылық құндылықтарды сақтау, ана мен бала құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері мемлекет назарында. Осы бағыттағы шаралар елдің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып жатыр. Түркістан облысында да республикалық «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы бастау алып, түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында кешенді жұмыстар жалғасып жатыр. Жылдың бірінші жартыжылдығында заңсыз қоқыс орындарын жою, табиғат пайдаланушыларға бақылау жасау және экологиялық мәдениетті арттыру бойынша ауқымды шаралар атқарылды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмасына сәйкес және Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының бекітуімен 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлері мен ойын-сауық сауда кешендерін аралау жұмыстары жалғасуда
Елімізде энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба қолға алынды. Басты мақсат — тұрғындарға сапалы әрі сенімді қызмет көрсету және инфрақұрылым тозуын азайту.
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Төлеби ауданындағы туризм саласының дамуы мен туристік нысандардың қызметін зерделеді. Халық қалаулылары өңірде жүзеге асырылған жобалармен танысып, туризм саласын дамыту бағытындағы жоспарларды талқылады. Депутаттық комиссия алдағы уақытта да өзге де туристік аймақтарға барып, олардың жұмысымен таныспақ.
Қаламызда кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелерімен бірге Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаменті мен жер қатынастары басқармасының өкілдері, облыстық прокуратура, қала және аудан әкімдіктерінің жауапты мамандары, сондай-ақ өңір кәсіпкерлері қатысты.