Түркістан қаласындағы №27 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицей жаратылыстану бағытында арнайы білім беріп келеді. Мұнда 1000-нан астам оқушы сапалы білім алуда. Оқу бағдарламасында робототехника, жасанды интеллект және информатика сабақтары жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді. Ведомствоаралық жұмыс тобының басты мақсаты азаматтардың сұрауларына жауап беретін, мемлекет пен қоғам қатынастарының сервистік, проактивті моделін көрсететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласында азаматтарды толғандыратын өзекті проблемаларды анықтау және шешу.
Түркістан қаласының мектептері мен колледждерінде оқушылардың талантын танытатын түрлі мәдени және білім беру шаралары жиі ұйымдастырылады. Жақында өткен «Екі жұлдыз» атты ән байқауы соның бір дәлелі. Бұл сайыс жасөспірімдердің өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың достық пен шығармашылыққа деген көзқарасын нығайтты.
Түркістан қаласында жастар мен бастамашыл топтарға арналған әлеуметтік кәсіпкерлікке оқыту воркшобы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағыт беру және өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға серпін беру болды.
Түркістан облысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Департамент бекіткен жоспар аясында «өрт қауіпсіздігі айлығы» басталып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды аралау жұмыстары қолға алынды.
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің көліктік тәртіп мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері қала аумағындағы көлік қозғалысын жіті қадағалап, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Түркістан қаласында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастық орталығы» тақырыбында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ІІ ынтымақтастық форумы өтуде. Өткен жылы алғашқы форум Корея Республикасында ұйымдастырылған еді. Бүгінгі кездесу тәжірибе алмасуға және нақты шешімдер қабылдауға жол ашып отыр.
Түркістан қаласында жұмысшы мамандықтар жылына орай оқушыларға арналған арнайы шара ұйымдастырылды. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен жиынға 34 мектептен 130-ға жуық оқушы қатысты.
Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубында Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты шығармашылық кеш өтті. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, ұлттық тәрбие мен рухани бірлікті ұлықтау. Кешке ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және қоғам белсенділері қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған түрлі өнер туындылары ұсынылды.
Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ерекше әдеби кеш өтті. Мұнда түрік жазушысы Фатма Гүнердің «Достардың махаббаты» атты балаларға арналған кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Туындыны қазақ тіліне «Сарасез» журналының редакторы Гүлжаз Қарыбек аударған. Бұл шара балалар әдебиетін насихаттап, жас оқырмандарды түрік әлемімен жақынырақ таныстыруды мақсат етті.