Түркістан қаласында азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында тәжірибе қолданылуда. eGov KZ боты мен екі Telegram боты арқылы тұрғындар өз шағымдарын жолдап, жылдам кері байланысқа ие болуда. Нәтижесінде қызмет алушылардың бұзылған құқықтары дер кезінде қалпына келтірілуде.
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Кентау. Кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми конференция өтті. Жиынға қала тұрғындары, өңірден келген қонақтар және ардагерлер қатысты. Басқосуда Кентаудың тарихы, жеткен жетістіктері және алдағы даму бағыты талқыланды. Сонымен қатар, арнайы көрме ұйымдастырылып, қала тарихынан сыр шертетін құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды.
Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ-нің Отырар мөлтек ауданында орналасқан «Белсенді ұзақ өмір» №2 бөлімшесі өз қызметінің 1 жылдық мерейтойын атап өтті.
Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында жаңа саяжол ашылды. Саяжол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрметті кенші Сақ Мауленқұловтың есімімен аталды. Салтанатты шараға қала әкімі, ардагер кеншілер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жаңа демалыс орны тұрғындарға таза ауада серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Түркістанда Ұстаздар күні кеңінен аталып өтті. «Ұстаз – ұлт рухының шамы» атты мерекелік кеште ардагерлер мен үздік педагогтар марапатталды. Шараға қала әкімі, ұстаздар қауымы және қонақтар қатысты.
Түркістанда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім саласының ардагерлері мен үздік ұстаздарын марапаттады.
Бәйдібек ауданының Шаян ауылында «Ауыл» партиясының өкілдері грант иегерлерімен кездесті. Кездесуде кәсіп ашуға қолдау алған азаматтардың жұмысының нәтижелері талқыланды. Жалпы, жоба аясында сегіз тұрғын 1 миллион теңгеден грант иеленіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Мұндай қолдау ауыл халқының табысын арттырып, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге бағытталған.
Леңгір қаласындағы Аудандық Мәдениет үйінде Төлеби ауданының ұстаздар қауымын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараны «Ауыл» партиясы ұйымдастырып, педагогтар еңбегін ұлықтауды басты мақсат етті.
Түркістан облысының спортшылары биыл ерекше табысқа қол жеткізді. 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жерлестеріміз ел чемпионаттарында 1060, Азия біріншіліктерінде 109, ал әлем чемпионаттарында 79 медаль жеңіп алды. Осыған орай жеңімпаздардың бір тобына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрмет көрсетіп, жаңа автокөліктердің кілтін табыстады.
Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылының 60 жылдық мерейтойы ауыл тарихындағы айтулы әрі есте қаларлық оқиға ретінде аталып өтті. Таңы арайлы, түні тыныш мекенге айналған Балтакөлдің алты онжылдық ғұмыры — еңбек пен бірліктің, татулық пен тірліктің шежіресі іспеттес.