Мүгедектік – өмір сүруге кедергі емес. Бұл ұстанымды Түлкібас ауданындағы Мансап орталығы нақты іспен дәлелдеп келеді. Мекеме мүгедектігі бар азаматтардың қоғамнан шет қалмай, өз орнын табуына барынша жағдай жасап, олардың еңбек нарығына бейімделуіне жол ашып отыр.
Түлкібас ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Аудандық Мансап орталығы тек жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні байланыстырумен шектелмейді. Бұл мекеме әрбір азаматтың мүмкіндігін, қабілетін ескере отырып, жаңа мамандық алуға, кәсіби бағдарын табуға көмектеседі.
Түлкібас ауданында мүгедектігі бар жандар өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанған тұрғындар енді өз армандарын іске асыруға кірісті. Жеңімпаздар қатарында сұлулық салонын ашқысы келетіндер де, мал шаруашылығын қолға алатындар да бар. Мемлекет қолдауы өмірдің қиындықтарына қарамай, алға ұмтылған жандарға сенім сыйлады.
Арыс қаласында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда қала бойынша 2570 мүгедектігі бар адам тіркеуде тұр. Оның ішінде: • I топтағы жандар – 172, • II топтағы жандар – 898, • III топтағы жандар – 1005, • 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 495 адамды құрайды.Олардың әрқайсысының ерекше күтім мен қолдауға зәру екенін ескерген Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі түрлі әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып отыр.
Арыс қаласында мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істер жүзеге асып келеді. Солардың бірі – Асыл жүрек әлеуметтік орталығы КММ қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы. Қала бойынша жалпы саны 2570 мүгедектігі бар адам тіркеуде болса, соның 1300-ден астамы осы орталықтың қызметін тұрақты түрде пайдаланып келеді. Бұл орталық – олардың дамуына, қоғаммен байланысын арттыруға, рухани және мәдени тұрғыдан байи түсуіне жол ашатын маңызды орын.
Арыс қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы – мүгедектігі бар жандар мен балалар үшін ашық әрі қолжетімді орта қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан бірегей мекеме. Мұнда тіркеуде тұрған азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, білім алуына және қоғаммен байланысын нығайтуға бағытталған нақты қызмет түрлері көрсетіледі.
Арыс қаласында мүгедектігі бар жандарды қолдау бағытында бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – үйде күтім жасау қызметі. Бұл бастама қарт адамдардың өмірін жеңілдетіп, күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктерін өтеуге үлкен мүмкіндік беруде.
Арыс қаласында мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты қарияларға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері жылдан жылға кеңейіп келеді. Үйде күтім жасау қызметі – соның жарқын бір көрінісі. Бұл бастама аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, жан жылуын сезінуіне де жол ашуда.
Арыс қаласындағы Асыл жүрек әлеуметтік орталығы КММ қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы – мүгедектігі бар балалар үшін үлкен мүмкіндік алаңы десек, артық айтқандық емес. Мұндағы қызмет тек орталық қабырғасында шектеліп қалмайды. Көмекке мұқтаж балалардың әрқайсысына жеке көңіл бөлініп, үй жағдайындағы күтімінен бастап орталықтағы қызмет алуына дейін барлығы жүйелі түрде ұйымдастырылған.
Арыс қаласында мүгедектігі бар жандар қоғамнан шет қалмай, белсенді әрекет етіп жүр. Олар өз істерін ашып, қоғамдағы орындарын тауып, адал еңбегімен табысқа жетіп келеді. Мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке араласуы – қоғамның дамуына қосылған үлес. Олар қоғамнан шет қалмай, керісінше, оның белсенді бір бөлшегіне айналып отыр. Еңбегімен, табандылығымен және өз ісіне деген сүйіспеншілігімен өзгелерге де үлгі болып келеді.