15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

БАЗАРДАҒЫ ТІРШІЛІК: БАҒА МЕН ТАҢДАУ

Базар — тіршіліктің қайнаған ортасы. Мұнда тек сауда жүрмейді, мұнда адамдардың күнделікті өмірі, таңдауы, тіпті көңіл-күйі де байқалады.Бірі тиімді баға іздеп келсе, енді бірі сапа мен таңдауға мән береді. Қай тауар өтімді, халық нені көбірек алады? Тілшіміз тарқатып көрсін.

ЖАУЫН ШАҚЫРҒАН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

Орталық Азиядағы ауқымды бастамалардың бірі — жауын-шашынды жасанды түрде шақыру жобасы Түркістан өңірінде бір айға жуық уақыт бұрын іске қосылды. Табиғатқа технология арқылы әсер ету – бүгінгі күннің жаңа мүмкіндігі.Жасанды жауын — шындық па, әлде кездейсоқ сәйкестік пе? Тілшіміз тарқатсын.

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ПІКІРІ

Біреуге көлік – қажеттілік, енді біреуге – күнделікті табыс көзі. Ал екеуін де алаңдататын ортақ мәселе – жанармай бағасы. Түркістан өңірінде бензиннің орташа бағасы шамамен 220–228 теңге аралығында, ал газ бағасы 100–105теңге көлемінде сақталып отыр. Бүгінгі баға жүргізушілер үшін қаншалықты қолайлы?Толығырақ алдағы бейнесюжетте

АУЫЛ КӘСІБІ АЛҒА БАСТЫ

Адал еңбек – ырыстың кілті. Бүгінде ауылдағы қарапайым бастама мемлекеттік қолдаудың арқасында табыс көзіне айналып, шағын кәсіптен үлкен мүмкіндікке жол ашып отыр. Осындай істердің бірі Сауран ауданында жүзеге асуда.Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

АЙЫППҰЛ АРҚАЛАҒАН ТҰРҒЫНДАР

Соңғы уақытта қоғамда «Штрафстан» деген тіркес жиі айтыла бастады.Бірі мұны заң мен тәртіпті күшейтудің тиімді тетігі десе, енді бірі халықтың қалтасына түсіп жатқан салмақ ретінде бағалайды.Шынында айыппұлдар көбейді ме, әлде бақылау күшейген сайын заң бұзушылықтар анық көріне бастады ма?Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ – БАСТЫ НАЗАРДА

Заң талаптарын жетік білу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандарына арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Басқосуда заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

ЦИФРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҚАНШАЛЫҚТЫ ЫҢҒАЙЛЫ?

Цифрлық технологиялар бүгінде қоғам өміріне кеңінен еніп, халықтың күнделікті тіршілігін жеңілдетіп келеді. Мемлекеттік қызметтер мен қаржылық операциялар онлайн форматқа көшіп, тұрғындарға уақыт үнемдеуге және қызметтерді жедел алуға мүмкіндік беруде.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

В Туркестанской области стартуют выездные встречи с предпринимателями в рамках проекта «Мобильный фронт-офис»

предпринимателями в рамках проекта «Мобильный фронт-офис»

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого Фондом развития предпринимательства «Даму». Мероприятия пройдут во всех районах и городах области с целью повышения доступности государственных мер поддержки для предпринимателей.

В ходе встреч представители бизнеса смогут получить подробные консультации по действующим государственным программам поддержки, а также ознакомиться с инструментами финансирования и развития предпринимательства.

Кроме того, участникам будут разъяснены механизмы льготного финансирования, субсидирования процентных ставок, гарантирования кредитов при недостаточности залогового обеспечения, микрокредитования, лизингового финансирования и другие меры государственной поддержки.

Участие во встречах смогут принять не только действующие предприниматели, но и граждане, планирующие открыть собственное дело. Они смогут получить ответы на интересующие вопросы и ознакомиться с существующими мерами поддержки. Также участникам будет представлена информация об инструментах поддержки, предлагаемых единым фронт-офисом Холдинга «Байтерек».

В целом проект «Мобильный фронт-офис» направлен на повышение доступности государственных программ поддержки для предпринимателей независимо от их местонахождения. Такой формат позволяет получить консультации квалифицированных специалистов без необходимости выезда в областной центр и создает комфортные условия для предпринимателей сельских округов и районов.

Во встречах примут участие специалисты Фонда развития предпринимательства «Даму» по Туркестанской области, представители банков второго уровня, Управления предпринимательства и торговли Туркестанской области, а также представители институтов поддержки.

Данная инициатива реализуется в рамках поручения Главы государства по расширению охвата субъектов малого и среднего бизнеса мерами государственной поддержки.

Реализация проекта позволит повысить доступность мер государственной поддержки, обеспечить информационную открытость и придать дополнительный импульс устойчивому развитию предпринимательства в регионе.

График проведения выездных встреч в рамках проекта «Мобильный фронт-офис» Фонда развития предпринимательства «Даму» по ТУркестанской области

№Дата выездаРайон / городМесто проведенияВремя проведения
116.06.20261) Отырарский район                         2) Ордабасинский районАктовый зал   районного акимата                   1) с. Шауылдер,                2) с. Темырлан1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
223.06.20261) Сузакский район                        2) Байдыбекский районАктовый зал   районного акимата                 1) с.Шолаккорган        2) с.Шаян1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
326.06.20261) Тюлькубасский район                2) Сайрамский районАктовый зал   районного акимата                1) с. Т. Рыскулов              2) с. Аксу1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
429.06.20261) Сауранский район                      2) г. КентауАктовый зал   районного акимата                 1) с. Шорнак               2) г.Кентау1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
506.08.20261) г.Арыс                                         1) Шардаринский районАктовый зал   районного акимата                  1) г. Арыс                    2) г. Шардара1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
607.08.20261) Жетысайский район                     2) Мактааральский районАктовый зал   акимата                    1) г. Жетысай             2) с. Мырзакент1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
714.08.20261) Келесский район                        2) Сарыагашский районАктовый зал   районного акимата                 1) с Абай                       2) г. Сарыагаш1) 10:00 ч.                              2) 15:00 ч.
821.08.20261) Казыгуртский районАктовый зал   районного акимата                  1) с. Казыгурт1) 11:00 ч.
926.08.20261) Толебийский районАктовый зал   районного акимата                2) г. Ленгер1) 11:00 ч.

Түркістан облысында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен көшпелі кездесулер басталады

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен көшпелі кездесулер басталады. Іс-шаралар кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру мақсатында облыстың барлық аудан-қалаларында өтеді.

Кездесулер барысында бизнес өкілдері қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жан-жақты кеңес алып, кәсіпкерлікті қаржыландыру және дамыту құралдарымен таныса алады.

Сонымен қатар қатысушыларға жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілдік мүлік жеткіліксіз болған жағдайда несиелерге кепілдік беру, микронесиелеу, лизингтік қаржыландыру және мемлекеттік қолдаудың өзге де тетіктері түсіндіріледі.

Кездесулерге тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер ғана емес, сондай-ақ жеке кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатыса алады. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы қолдау шараларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы ақпарат беріледі.

Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен аудандардағы кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Кездесулерге Түркістан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау институттарының өкілдері қатысады.

Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Түркістан облысы бойынша «Мобильді фронт-офис» жобасы аясындағы көшпелі кездесулерінің өткізілу кестесі

№Шығу күніАудан / қалаӨтетін орныӨтетін уақыты
116.06.20261) Отырар ауданы                       2) Ордабасы ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                   1) Шәуілдір ауылы              2) Темірлан ауылы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
223.06.20261) Созақ ауданы                      2) Бәйдібек ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                 1) Шолаққорған ауылы                  2) Шаян ауылы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
326.06.20261) Түлкібас ауданы               2) Сайрам ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                 1) Т. Рысқұлов ауылы                 2) Ақсу ауылы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
429.06.20261) Сауран ауданы                     2) Кентау қаласыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                  1) Шорнақ ауылы              2) Кентау қаласы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
506.08.20261) Арыс қаласы                                        1) Шардара ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                   1) Арыс қаласы                   2)  Шардара қаласы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
607.08.20261) Жетісай ауданы                    2) Мақтаарал ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                      1) Жетісай қаласы            2) Мырзакент ауылы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
714.08.20261) Келес ауданы                        2) Сарыағаш ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                 1) Абай ауылы                     2) Сарыағаш қаласы1) 10:00 с.                              2) 15:00 с.
821.08.20261) Қазығұрт ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                  1) Қазығұрт ауылы1) 11:00 с.
926.08.20261) Төлеби ауданыАудан әкімдігінің мәжіліс залы                 2) Ленгер қаласы1) 11:00 с.