Түркістан жаңалықтары
ЗАҢ БАР ЖЕРДЕ ТӘРТІП БАР
Соңғы уақытта қоғамда тәртіп пен талаптың күшейгені анық байқалады.
Күнделікті өмірде бұрын мән берілмейтін кей әрекеттерге енді ерекше назар аударыла бастады.Бұл — қоғамды ретке келтірудің бір жолы.
ЖЕЛІ ЖҰЛДЫЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Контент арқылы танылған жастар бүгінде қоғамда өз орнын табуда.Түркістанда TikTok блогерлеріне арналған ерекше марапаттау кеші өтті.Желіде танымал болған жастардың еңбегі еленіп, үздіктер анықталды.
ҚАЗАҚ ТОЙЫ: ДӘСТҮР МЕ, ЫСЫРАП ПА?
Қазақ үшін той – қуаныштың жаршысы, берекенің бастауы. Алайда бүгінде дастарқанның көлемі мен шығынның мөлшері де көптің талқысына түсіп жүр. Дәстүрді дәріптеу мен даңғазалықтың ара-жігі қай жерде?
ҚАЛТАҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Баға – экономиканың негізгі индикаторларының бірі. Оның өзгерісі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс балансына, өндіріс шығындарына және жалпы экономикалық жағдайға тікелей байланысты.Соңғы кезеңде бірқатар тауарлар мен қызмет түрлерінде баға динамикасының өзгеруі тіркеліп отыр.Бұл үрдіс экономикалық циклдің қалыпты бөлігі ретінде қарастырылады. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.
ӘКІМШІЛІК РАҚЫМШЫЛЫҚ: КІМДЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛЕДІ?
Әкімшілік айыппұлды уақытында өтемеген жағдайда оның үстіне қосымша берешек жиналатыны белгілі. Енді осыған қатысты жаңа цифрлық тетік енгізілді. Белгілі бір санаттағы айыппұлдар бойынша қарыздың бір бөлігі автоматты түрде қысқартылып отырады.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
БАТА-ТІЛЕК БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Бата – халқымыздың сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан рухани мұрасының ажырамас бөлігі. Ол ұрпақты ізгілікке тәрбиелеп, үлкен мен кішінің арасын жалғайтын тағылымды дәстүр саналады. Осы ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында Мәдениет үйінде «Қыдыр дарып, бақ қонсын» атты бата-тілек айту байқауы өтті.
МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ
«Денсаулық — зор байлық» дейді. Сол байлықты сақтаудың бір жолы ретінде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бүгінде қоғамда түрлі пікір тудырып отыр. Мәселенің мән жайын алдағы сюжеттен көріңіз.
БОЛАШАҚҚА ЖОЛДАНҒАН ХАТ
Уақыт — үнсіз куәгер. Ал бүгінгі буын сол уақытқа өз сөзін қалдырып жатыр.Түркістанда өткен «Болашаққа хат» шарасында жастар жүрек түкпіріндегі арманын ақ параққа түсіріп, оны келер күнге аманат етті.Толығырақ сюжеттен көріңіз.
