30 Июл 2025, Ср

Түркістан жаңалықтары

ОТЫРАРДАҒЫ ҚОЛДАУҒА РИЗА АЗАМАТ

Отырар ауданында әр азаматтың амандығы мен әлеуметтік жағдайы басты назарда. Әсіресе, өмірдің әртүрлі сынағына тап болған жандарға көрсетілетін қамқорлық пен жанашырлық – аудан әкімдігі мен жауапты бөлімдердің тұрақты жұмыс бағытына айналған.

ОТЫРАР АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

Отырар ауданында мүгедектігі бар азаматтарды қолдау — әлеуметтік саясаттың маңызды бағытына айналған. Қазіргі таңда аудандық Мансап орталығы осы санаттағы жандарға жұмыс табуға көмектесіп, олардың қоғамнан тыс қалмауына жол бермеуде. Арнайы жұмыс орындарын ұсынып, кәсіби бағыт-бағдар беріп жүрген орталықтың көмегімен бірқатар тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙГЕН

Отырар ауданында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдаудың нақты тетіктері іске асырылуда. Бүгінде ауданда 3247 мүгедектігі бар адам тіркелген. Олардың қоғамнан оқшау қалмауы, белсенді өмір сүруіне жағдай жасалып, еңбекке араласуына мүмкіндік беріліп отыр.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ ӨМІРГЕ СЕРПІН БЕРДІ

Қазіргі таңда Отырар ауданында мүгедектігі бар азаматтар өз кәсібін ашып, қоғам өміріне белсене араласып жүр. Қайтарымсыз гранттардың көмегімен түрлі салада жұмысын бастаған тұрғындар бүгінде табыс тауып қана қоймай, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлес қосып келеді.

МАНСАП ОРТАЛЫҒЫ ҚОЛДАҒАН МАМАН

Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларының арқасында мүгедектігі бар жандар да еңбекке араласып, өз орнын табуға мүмкіндік алып отыр. Отырар аудандық Мансап орталығының бастамасымен дизайнерлік қабілеті бар Абылайхан Дүйсенбек те тігін цехына жұмысқа орналасып, бүгінде өз ісін дөңгелетіп отыр.

ҚОЛДАУҒА МҰҚТАЖ ЖАНҒА – ҚАМҚОРЛЫҚҚА ТОЛЫ ҚАДАМ

Қоғам өркениетті болудың басты өлшемі – әлсізге қолдау, мұқтажға қамқорлық. Осы ұстанымды берік ұстанған Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

ҚАМҚОРЛЫҚҚА ТОЛЫ ҚЫЗМЕТ – ШЫН ЖҮРЕКТЕН

Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету «Тең қоғам» КММ – Отырар ауданындағы қамқорлық пен адамгершілікті ту еткен мекемелердің бірі. Бұл орталықтың жұмысы — тек қызмет көрсету емес, әр адамның өміріне жан жылуын жеткізу, күн сайын үміт пен сенім сыйлау. Үйде әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға бағытталған бұл мекеменің қызметі – көптеген азаматтың өміріне демеу, жалғыздықта қалған көңілдерге серік.

ЖҮРЕГІ ЖЫЛУҒА ТОЛЫ ӘКЕ

Әке болу – тек атақ емес, жауапкершілік. Ал ерекше балаға әке болу – екі есе мейірім мен төзімді талап ететін тағдыр сыны. Осындай асқақ міндетті абыроймен атқарып жүрген жан – Барат Ақжігітұлы. Өмірінің бір бөлігі ішкі істер саласымен тығыз байланысты. Он жыл бойы ел тыныштығын күзетіп, қызметтік борышын адал атқарған азамат бүгінде қызын бағып-қағып, әр күніне шүкіршілік етіп отырған ардақты әке.

ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚАМАЛЫ – «ТЕҢ ҚОҒАМ»

Отырар ауданында әлеуметтік әлсіз топтарға көрсетілетін көмек пен қолдау жыл өткен сайын жүйеленіп, нәтижелі іске айналып келеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Тең қоғам» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – осы игілікті істің басты тірегі.

ЕРКЕ ҚЫЗДЫҢ ЕРЕКШЕ ӘЛЕМІ

Әрбір шаңырақтың бағына біткен перзент – ата-ана үшін өмірдің ең үлкен сыйы. Ал сол баланың тағдыры сынақпен қатар келсе, махаббат пен мейірім еселене түседі. Осындай жүрек жылуына толы шаңырақ – Ілиясовтар әулеті.