ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
https://www.instagram.com/reel/DKRZyhZt7TQ/?igsh=MXUzNzk5bHJldm5ycQ==
https://www.instagram.com/reel/DKRZyhZt7TQ/?igsh=MXUzNzk5bHJldm5ycQ==
https://www.instagram.com/reel/DKP-9WkNDqi/?igsh=MWhzdWJmN3B0c3JxbQ==
Бүгін 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Байсат» мейрамханасында «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара өтті.
Оған арнайы құттықтап барған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров «Қазіргі таңда баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа сапалы, әрі заман талабына сай білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Себебі бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Балғын бүлдіршіндеріміз қырандай самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын Қазақстанның елеулі азаматтары мен азаматшылары болсын» деген тілегін жеткізді.
Кеш барысында көңілді ән шырқалып, балаларға сыйлықтар табысталды.
Дереккөз:Қызылорда қаласы әкімдігі парақшасынан
https://www.instagram.com/p/DKP8p4att6S/?igsh=MWVxd3diY3NvMWltcA==
2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды. Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Резерв құрамына енеді.
Іріктеу туралы толық ақпарат бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде өткен жиын барысында айтылды. Жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы, департаменттің жеке құрамы мен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді И1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қатысушылар алты бағыттың бірін таңдай алады:
1. Инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда;
2. Ауыл шаруашылығы және экология;
3. Сыртқы саясат және инвестициялар;
4. Экономика және қаржы;
5. Цифрландыру;
6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
?Жиын барысында іріктеу бойынша толық ақпарат беріліп, жадынама таратылып, қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
Дереккөз:Қызылорда облысы полиция департаменті парақшасынан
https://www.instagram.com/p/DKMseaqsjBL/?igsh=MWI2c2s3cGswa3h3ag==
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, инновациялық әдістерді кеңінен қолдануды, су ресурстарын үнемдеуді және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.
«Жаңа технологияларды енгізу ауқымын кеңейте беру қажет. Бұл – өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Су үнемдейтін әдістерді, әсіресе электронды су өлшеу құрылғылары мен жерді лазерлік тегістеу технологияларын барлық ауданда қолдану керек. Шаруаларға берілген несиелер мен субсидиялардың нәтижесін қадағалап, олардың тиімді жұмсалуын бақылаңыздар»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кету керек, аймақта егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігі байқала бастады. Заманауи әдістер шығындарды азайтып, өнім көлемін арттыруға оң әсерін тигізуде. Мысалы, аралдық шаруалар 30 жыл бойы пайдаланылмай келген алқапты айналымға қосып, бақша егіп, оны жабынды астында өсіруді қолға алды.
Дереккөз:Қызылорда облысы әкімдігі парақшасынан
https://www.instagram.com/reel/DKJjCg-NULn/?igsh=MXFhbG15M3RyYXU4ZA==
Дереккөз:Қызылорда облысы әкімдігі парақшасынан
https://www.instagram.com/reel/DKJh9M1tsF8/?igsh=MWYxa3VkajhzbXdmYQ==
#МВДРК
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ
#БІЗДІҢПОЛИЦИ
#НАШАПОЛИЦИЯ
#Айтылдыорындалды
#Сказаносделано
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
Дереккөз:kzo_pd парақшасынан
https://www.instagram.com/p/DJyxil3tddj/?igsh=MXVtb3Z1eGNhbGxvMg==
Кеше Сыр елінде «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев медицина саласындағы ауқымды жұмыстарды атап өтіп, жетістіктерге тоқталды.
Конференцияға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы сақтандыру кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты.
Іс-шарадағы ақжолтай жаңалықтың бірі – медициналық жоғары колледж cтуденттеріне шетелдік оқу орындарына жолдама берілді.
Нақтырақ айтсақ, Қызылорда медициналық жоғары колледжі 3-курсының 12 студентіне Түркияның Стамбул қаласындағы «Medicana International Istanbul» клиникасынан оқу-өндірістік практикадан өтуге, 4-курстың 5 студентіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Латвия Республикасы І Рига медициналық колледжінде оқуға жолдама табысталды.
Айта кетейік, Қызылорда медициналық жоғары колледжі халықаралық серіктестікті нығайту мақсатында Германия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Латвияның жетекші медициналық мекемелерімен және оқу орындарымен серіктестік келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар, отандық медициналық оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу мекемелерімен де ынтымақтастық орнатқан.
Дереккөз: Қызылорда облысы әкімдігінің парақшасынан
Кәсіпкерлер салық міндеттемелерінің орындалу тәртібін сақтап, есептелген салық сомаларын төлеуге міндетті. Қызылорда қаласында мемлекеттік кіріс департаментінде бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті. Салықшылар фитнесс пен қоғамдық тамақтандыру саласында жүрген кәсіп иелерімен бақылау-касса машиналарын ұру, түбітек беру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жаңа салық туралы заң қазақстандықтар үшін не береді? Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті аймақ тұрғындарына жыл басынан бері салық кодексіндегі өзгерістер жайлы түсіндірме беріп келеді. Салық салу рәсімдерінің жеңілдеуі мен жүктемелердің азаюы қай санаттарды қозғамақ, анықтап көрдік. Айта кетейік, Салық туралы заңға еліміздің Президенті өткен жылдың шілдесінде қол қойған еді. Қазір заң жобасы депутаттардың қарауында.
https://www.instagram.com/reel/DIvJ3rfAsFv/?igsh=MTV0Nnd3dWxqNTRkeg==