15 Ноя 2026, Вс

Қызылорда жаңалықтары

Димаштың челленджінде екі жеңімпаз анықталды – олар Еуропадағы концертіне жолдама ұтты!

https://www.instagram.com/reel/DKJkNPJtzE0/?igsh=MWNyM2IzM2dldmRqeA%3D%3D

Димаш Құдайбергеннің “Тау ішінде” орындаған әніне арналған халықаралық челлендж өз мәресіне жетті. Жеңімпаз атанған — чилилік жанкүйер Андреа мен Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза оқушыларымен бірге түсірген бейнебаян болды.

Екі қатысушы да Димаштың шығармашылығына деген шынайы сүйіспеншілікті көрсете білді. Енді олар Еуропада өтетін концертке арнайы жолдама иеленіп, сүйікті әншісін сахнадан тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Президенттік жастаркадр резервіне кезекті іріктеу басталады

https://www.instagram.com/p/DKP8p4att6S/?igsh=MWVxd3diY3NvMWltcA%3D%3D&img_index=1

?️​2025 жылдың 1 маусымынан бастап елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталды. Іріктеу нәтижесінде үздік 50 кандидат Резерв құрамына енеді.
​Іріктеу туралы толық ақпарат бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде өткен жиын барысында айтылды. Жиынға Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы, департаменттің жеке құрамы мен әкімшілік мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
​Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі мен 5 жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді И1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қатысушылар алты бағыттың бірін таңдай алады:
1. Инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда;
2. Ауыл шаруашылығы және экология;
3. Сыртқы саясат және инвестициялар;
4. Экономика және қаржы;
5. Цифрландыру;
6. Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

?Жиын барысында іріктеу бойынша толық ақпарат беріліп, жадынама таратылып, қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ЖЕТІСТІК БАСТАУЫ

https://www.instagram.com/p/DKMseaqsjBL/?igsh=MWI2c2s3cGswa3h3ag%3D%3D

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, инновациялық әдістерді кеңінен қолдануды, су ресурстарын үнемдеуді және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.
«Жаңа технологияларды енгізу ауқымын кеңейте беру қажет. Бұл – өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Су үнемдейтін әдістерді, әсіресе электронды су өлшеу құрылғылары мен жерді лазерлік тегістеу технологияларын барлық ауданда қолдану керек. Шаруаларға берілген несиелер мен субсидиялардың нәтижесін қадағалап, олардың тиімді жұмсалуын бақылаңыздар»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кету керек, аймақта егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігі байқала бастады. Заманауи әдістер шығындарды азайтып, өнім көлемін арттыруға оң әсерін тигізуде. Мысалы, аралдық шаруалар 30 жыл бойы пайдаланылмай келген алқапты айналымға қосып, бақша егіп, оны жабынды астында өсіруді қолға алды.
Дереккөз:Қызылорда облысы әкімдігі парақшасынан

Во время встречи акима с учениками школы в селе Акшукыр Мангистауской области один из школьников неожиданно обратился с просьбой, которая тронула многих.

https://www.instagram.com/reel/DKRiA30t3kK/?igsh=c2kzOWk2amVvZHg5

«А можно построить площадку на нашей улице?» — спросил мальчик, обратившись к акиму.

Аким отметил, что в ауле действительно планируют обустроить детские игровые зоны и парк.

Этот момент попал на видео и быстро разошёлся по соцсетям. Пользователи отметили искренность и смелость ребёнка.

Источник: ztb_kz

Қызылордалық полицейлер «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті

https://www.instagram.com/p/DKSgHoGtN24/?igsh=NnczOGp1aGFzbmZn

Бүгін Қызылордада «Қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының» негізінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез — келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқарма басшылары бар.
?️А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде өткен шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу, Анықтау, Көші-қон қызметі, Әкімшілік полиция және Жергілікті полиция қызметі басқармаларының басшылары қатысып, облыс тұрғындарына кеңес беріп, көмек көрсетті. Бұл шара елдің барлық қалалары мен елді мекендерінде өткізілуде.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Дереккөз:Қызылорда облысының полиция департаменті

ШЕРЗАТ ПОЛАТТЫҢ ҚАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ СОТТЫҢ ШЕШІМІ ШЫҚТЫ

https://www.instagram.com/p/DKherp8NolV/?igsh=bndtZ2o1aXFrNm0=

Абзал Шынасыл – 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Равиль Сакиев – 20 жылға сотталды;
Шыңғыс Белғожаев – 7 жылға бас бостандығынан айырылды;
Дархан Әскентай – 7 жылға бас бостандығынан айырылды;
Нұрқияс Ілясов – 9 жылға сотталды;
Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жылға сотталды;
Дидар Қалиахмет – 7 жылға сотталды;
Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың бәрі жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.
Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – 1 жыл 6 айға сотталды.

#зашерзата