В городе Кызылорда состоялся праздничный вечер, посвященный теме«Еңбек мерейі – ел құрметі» «Трудовая слава – уважение народа». На торжественном мероприятии были награждены специалисты, добросовестно трудящиеся в различных сферах. В мероприятии приняли участие аким города Нуржан Ахатов и председатель городского маслихата Ибадулла Куттыкожаев.
В настоящее время инициативы, направленные на защиту окружающей среды, развитие экологической культуры и бережное отношение к природе, приобретают особую значимость в фокусе общественного внимания. В связи с этим в Молодежном ресурсном центре города Кызылорды была организована встреча с молодежью в открытом формате на тему «Чистая страна – светлое будущее: экологическая культура молодежи».
Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатты аялауға бағытталған бастамалар қоғам назарында ерекше маңызға ие. Осы орайда Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығында «Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» тақырыбында жастармен ашық форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласында «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Салтанатты кеште түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары марапатталды. Шараға қала әкімі Нұржан Ахатов пен қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты.
Қызылорда қаласы Жастар ресурстық орталығында «Жастар саясатының іске асырылуы» мәселесіне арналған облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жария тыңдауы өтті. Тұрақты комиссия төрағасы Балжан Шәменованың төрағалығымен өткен жария тыңдауға облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Атаулы мерекеге орай Қызылордада мерекелік шара өтті. Жиында мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық пен қолдау көрсетіп жүрген сала мамандары марапатталды.
Қызылорда қаласының Тағзым алаңында Полиция департаментінің жеке құрамның қатысуымен қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау және гарнизондық жиын өтті. Барысында полиция қатарына жаңа қосылған тоғыз жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға салтанатты түрде ант берді.
Бүгін Vizit Zhetysu, «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы Қызылордаға келді. Vizit Zhetysu, «Жетісу» туристік ақпараттық орталығының мақсаты өңірдің туристік әлеуетін жан-жақты таныстыру, Жетісу аймағын Қазақстандағы жетекші туристік бағыттардың бірі ретінде оң имиджін қалыптастыру, сондай-ақ туризм саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Он төрт өңірден келген ақ жаулықты аналарымыз Қызылорда қаласында бас қосты. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сыр өңірінде Абысын-абыз сайысы өтуде.
Жастарға қолдау жобалары өз жалғасын тауып келеді. Қызылорда қаласында облыс әкімінің қолдауымен мерейлі 5 жылдық «Inno.Fest» Qyzylorda 2025 инновациялық жобалар фестивалі басталды.