СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және комплаенс қызметін жетілдіруге арналған семинар өтті.
Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және комплаенс қызметін жетілдіруге арналған семинар өтті.
Тараз қаласына қарасты Құмшағал тұрғын алқабында өзекті мәселеге айналған ауыз су жайы көтерілді. Тұрғындардың өтініші негізінде Жібек жолы ауданының әкімі арнайы келіп, халықпен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімдігінің мамандары мен «Жамбыл су» мекемесінің өкілдері қатысып, мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Бүгін Тараз қаласының Жібек жолы ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық акциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — қаланы қоқыстан тазарту, бейберекет қоқыс орындарын жою және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Акция «Қаланың тазалығы — баршамызға ортақ міндет!» ұранымен ұйымдастырылды. Айта кетейік, шараға аудан әкімі Қарлығаш Аралбекова да қатысты.
Таразда «Қайсар» әскери-патриоттық ойындарының облыстық кезеңі жалауын желбіретті. Дүбірлі додаға аймақтың он ауданы мен Тараз қаласынан іріктелген 12 үздік команда қатысуда. Ауқымды жобаның ұйымдастырушылары — қалалық әкімдік және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты.
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулати – білімнің алтын бесігі: ұрпақтар сабақтастығы мен жарқын болашаққа сенім» атты ауқымды түлектер форумы өтті. Тағылымды шараға әр жылдардың түлектері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет басшылығы мен студент жастар қатысты.
Меркі ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау іс-шаралары өтті. Соның бірі №44 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Білімім — Отаныма» атты мерекелік шара болды.
Күн сайын облыс тұрғындары мыңдаған сауда-саттық жасап, түрлі қызмет түрлеріне жүгінеді. Бірақ сіз бен біз жасаған әрбір төлем ел бюджетіне толықтай түсіп жатыр ма? Әрбір кәсіпкер заң талабына сай тұтынушыға фискалдық чек ұсынуда ма? Бүгін біз Жамбыл облысында бизнестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған, ауқымы кең, пәрмені күшті «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі – фискалдық чекте» атты серпінді жобаның аралық нәтижелерін саралаймыз.
Жамбыл облысы ауқымды ағартушылық жобаның эстафетасын қабылдады. 26 және 27 мамырда Таразда Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған «Хроникадан болашаққа» атты республикалық кинолекторий өтуде. Үш онжылдық бойы телерадиокешені еліміздің тәуелсіздік жолындағы әрбір маңызды қадамын айшықтап, мемлекетіміздің визуалды шежіресін қалыптастырып келеді.
Мұсылман жұрты асыға күтетін ұлық мерекенің бірі – Құрбан айт. Бұл – адамзатты ізгілік пен жанашырлыққа үндейтін, береке мен бірлікті бекемдейтін қасиетті күн. Биыл да жамбылдықтар бұл мейрамды ерекше ықыласпен қарсы алмақ.
Во всех организациях образования Меркенского района прошли торжественные мероприятия, посвященные окончанию 2025–2026 учебного года. Одно из них — праздничное событие под девизом «Білімім — Отаныма» («Мои знания — моей Родине»), организованное в общеобразовательной школе-гимназии №44.