16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

ҚОЙ ҚЫРҚУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Меркі ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі – «Жылыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қой қырқу науқаны ұйымдасқан түрде жүргізілуде. Науқанның барысымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ахан Алтынбаев танысып, шаруашылықтағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Шаһар дамуының басты бағыттары айқындалды. Бүгін сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезекті 41-сессиясы өтті. Алқалы жиынға қала әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты. Сессия барысында шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бюджеттің нақтылануына және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

Күні кешеТараз төрінде үлкен рухани және спорттық айтулы оқиға орын алды. Боз кілемде ел намысын асқақтатып, дзюдодан Олимпиада шыңын бағындырған мақтанышымыз — Елдос Сметовтың өмір жолы мен жеңіске толы сәттерін баяндайтын жаңа туынды жарық көрді. «MART» сауда-ойын-сауық орталығында өткен «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының тұсаукесер рәсімі жүздеген жанкүйер мен құрметті қонақтардың басын қосты. Толығырақ келесі сюжетте.

ФЕСТИВАЛЬ, ГДЕ СХОДЯТСЯ МЕЧТЫ

Летние каникулы для детей — это не просто время отдыха, но и особенный период для развития творческих способностей. С этой целью в Доме культуры Акбулым прошел творческий фестиваль сказочных персонажей и героев мультфильмов под названием «Қиял әлеміне саяхат» «Путешествие в мир фантазии». Персонажи в самых разных образах собрались на одной площадке и увлекли зрителей в волшебный мир сказок.

ПРЕСЕЧЕНЫ ФАКТЫ БЕСХОЗНОГО ВЫПАСА СКОТА БЛИЗ АЭРОПОРТА

Жителей Тараза возмутил бродячий скот в районе городского аэропорта. Кадры с лошадьми и коровами, которые вытаптывают газоны и съедают высаженные цветы прямо у главных ворот города, появились в социальных сетях. Горожане забили тревогу и направили жалобу в местный акимат. Люди отмечают, что бесхозные животные не только портят эстетический облик Тараза, но и наносят ущерб экологии.

ГРАЖДАНАМ ИЗ ОЧЕРЕДНИКОВ НА ЖИЛЬЕ ВРУЧИЛИ КЛЮЧИ ОТ КВАРТИР

В Меркенском районе на системной основе продолжается работа по обеспечению жильем социально уязвимых слоев населения. В связи с этим в Сарымолдаевском сельском округе ключи от новых домов получили семьи, воспитывающие детей с инвалидностью, многодетные семьи, а также лица, потерявшие кормильца. В торжественном мероприятии принял участие аким района Ербол Жиенкулов, который поздравил новоселов с этим радостным событием.

О СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОМ РАЗВИТИИ ЖУАЛЫНСКОГО РАЙОНА

Глава Жуалынского района озвучил итоги социально-экономического развития за пять месяцев текущего года. В ходе брифинга спикер отметил, что регион демонстрирует уверенный рост по большинству основных показателей, а объем валового регионального продукта превысил 19 с половиной миллиардов тенге. Драйверами роста стали строительный сектор, инвестиционная активность и стабильность агропромышленного комплекса. Эта и другая информация прозвучала в ходе встречи на площадке РСК.

ӘУЕЖАЙ МАҢЫНДАҒЫ ТӘРТІПСІЗДІККЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛДЫ

Төрт түліктің төресін төріне балаған қазақ халқы үшін мал шаруашылығының орны әрдайым ерекше. Алайда, заман талабы мен заң үстемдігі орын алған бүгінгі қоғамда, мал ұстаудың да өзіндік тәртібі мен мәдениеті болуы тиіс. Жібек жолы ауданы аумағындағы Әуежай маңында ірі қараның жайылып жүруі — жергілікті тұрғындардың ашуын туғызып, тұрғындар арасында пікір-талас тудырды. Қаланың туристер мен қонақтарды күтіп алатын негізгі аймағының мұндай кейіпке түсуі — тұрғындарды алаңдатпай қоймады. Олар Әуежай алдындағы арнайы егілген гүлдер мен жасыл желекті, тал-бақшаларды азық қылып, таптап жүрген ірі қараның видеосын әлеуметтік желіге жүктеп, әкімдікке жолдаған болатын. Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай қаланың эстетикалық көркін бұзып қана қоймай, экологиялық тазалыққа да нұқсан келтіріп отыр.

АРМАН МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОҒЫСҚАН ФЕСТИВАЛЬ

Жазғы демалыс – балалар үшін тек тынығу емес, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын ерекше кезең. Осы мақсатта Ақбұлым мәдениет үйінде «Қиял әлеміне саяхат» атты ертегі және мультфильм кейіпкерлерінің шығармашылық фестивалі өтті. Түрлі бейнедегі кейіпкерлер бір алаңға жиналып, көрермендерді ертегілер әлеміне жетеледі.

ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІНДЕГІ АЗАМАТТАРҒА БАСПАНА БЕРІЛДІ

Меркі ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда Сарымолдаев ауылдық округінде мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, асыраушысынан айырылған және көпбалалы отбасыларға жаңа тұрғын үйлердің кілттері табысталды. Салтанатты шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысып, баспаналы болған азаматтарды қуанышты сәттерімен құттықтады.