В Меркенском районе прошло масштабное культурное событие. Народный ансамбль песни и танца «Меркі әуендері», имеющий полувековую историю и воспитавший не одно поколение талантливых артистов, отметил свой 50-летний юбилей. На праздничном вечере под названием «Полвека, ставшие искусством» собрались деятели искусства района, чтобы вспомнить знаковые вехи богатой истории ансамбля.
Сегодня в центрально-концертном зале Баласагун прошел областной праздничный концерт «Ұстаз – ұлт келбеті», приуроченный к профессиональному празднику педагогов. Организатором торжественного вечера выступило Управление образования акимата Жамбылской области. Мероприятие объединило учителей, ветеранов педагогического труда, представителей общественности и руководства региона.
В Таразе на диалоговой площадке «ҰСТАЗ АЙТСА» собрались педагоги. Учителя обсудили ряд актуальных вопросов в сфере образования и внесли свои предложения. Организатором мероприятия выступил Жамбылский областной филиал партии «Әділет».
Меркі өңірінде үлкен мәдени іс-шара өтті. Жарты ғасырлық тарихы бар, талай буын өнерпазын тәрбиелеп шығарған «Меркі әуендері» халықтық ән-би ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті. «Өнерге айналған жарты ғасыр» атты мерекелік кеште аудан өнерпаздары бас қосып, жарты ғасырлық шежіреден сыр шертті.
Елімізде билік пен бұқара арасындағы байланысты бекемдеп, қоғамдық диалогты орнату ісі жалғасып жатыр. Осындай маңызды пікірталас алаңдарының бірі – «Қазақстан Халық Кеңесі». Мұнда қарапайым халықтың тұрмысына тікелей әсер ететін өткір мәселелер көтеріліп, өңірлердің әлеуетін арттыру жолдары айтылады.
Таразда «ҰСТАЗ АЙТСА» диалог алаңында педагогтер бас қосты. Мұғалімдер білім беру саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын білдірді. Шараны «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастырды.
Бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында педагогтердің кәсіби мерекесіне орайластырылған «Ұстаз – ұлт келбеті» атты облыстық мерекелік концерт өтті. Салтанатты кешті облыстық Білім басқармасы ұйымдастырды. Мерекелік жиын мұғалімдердің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, жұртшылық өкілдері мен өңір басшылығының басын қосты.
Жамбыл өңірінің әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, журналист Серік Томановтың 70 жылдығына орай Таразда еске алу кеші өтті. «Құс қанат ғұмыр» деп аталған тағылымды шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ақынның замандастары, қаламгерлер мен өнер қайраткерлері қатысты. Кеш барысында ақынның шығармашылық мұрасы дәріптеліп, жаңа жинағының тұсауы кесілді.
Таразда ардагерлер арасында спартакиада өтті. Шараны Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясы «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі аясында ұйымдастырды. Қатысушылар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен бақ сынасты.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл ауданында ардагерлер арасында аудандық спартакиада өтті. Спорттық додада ауыл-аймақтың белсенді қариялары бас қосып, салауатты өмір салтын серік еткендерін көрсетті. Қазыналы қарт – елдің ырысы, кейінгі буынға өнеге болған аға ұрпақтың орны қашанда бөлек.