16 Ноя 2026, Пн

Жамбыл жаңалықтары

АКИМЫ ТАРАЗА И ЖІБЕК ЖОЛЫ ВСТРЕТИЛИСЬ С НАСЕЛЕНИЕМ

Сегодня в рамках традиционной серии встреч акимов с населением в школе №66 города Тараза состоялось расширенное собрание. На нем присутствовали аким города и аким нового района Жібек жолы. Главной целью встречи стала презентация детального доклада об экономической ситуации, инфраструктурном развитии и проделанной работе в районе Жібек жолы, а также прямой диалог с гражданами по самым актуальным и злободневным вопросам. Подробности – в нашем сюжете.

ЕРБОЛ КАРАШУКЕЕВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАЗВИТИЕМ СВЕКОЛЬНОЙ ОТРАСЛИ В МЕРКЕНСКОМ РАЙОНЕ

Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев в рамках рабочей поездки в Меркенский район ознакомился с ходом уборки сахарной свеклы, а также проверил процесс приема и переработки сырья на ТОО «Меркі қант зауыты».

ӘСКЕРДЕГІ АЛҒАШҚЫ КҮНДЕР

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылушылар келіп жатыр. Байланыс полкінде жуырда жас толықтырудың кезекті тобы қарсы алынды. Олардың әскердегі алғашқы күні түбегейлі өзгеріспен басталды. Олар үшін бәрі жаңа: орта, әскери киім, шаш үлгісі…

ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ САЛАСЫНДА ТАРИФТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Бек Момбаев өңірдегі тарифтік саясат туралы баяндама жасады.

ТАРАЗ ЖӘНЕ ЖІБЕК ЖОЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Тараз қаласында тұрғындармен дәстүрлі кездесу өтті. Оған қала әкімі Бақытжан Орынбеков пен «Жібек жолы» ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова қатысты. Басқосуда Жібек жолы ауданының экономикалық даму қарқыны, инфрақұрылымдық жетістіктері және атқарылған жұмыстардың нәтижесі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жиын барысында тұрғындар көкейлеріндегі өзекті мәселелерін ортаға салып, жергілікті билік өкілдерімен ашық пікір алмасты. Толығырақ – келесі сюжетте.

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫЗЫЛША АЛҚАПТАРЫН АРАЛАДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында аймақ басшысы қант қызылшасын жинау барысын бақылап, «Меркі қант зауыты» ЖШС-ның тәтті түбірді қабылдау және өңдеу барысымен танысты.

ТАРАЗДА АВТОГАЗ ТАПШЫ

Соңғы күндері Тараз көшелерінің бойында пайда болған ұзын-сонар кезек көлік жүргізушілерін шаршатып отыр. Газ құю бекеттерінің алды – қазандай қайнап жатқан халық. Жүргізушілердің айтуынша, сұйытылған газ жетіспеушілігі – түптің түбінде басқару мен жоспарлаудың кемшілігіне барып тіреледі. Бірінің жүйкеcі, бірінің табысы, енді бірінің күнделікті несібесі осы газға қарап тұрғаны анық.

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ КЕПІЛІ

2025 жыл — «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы» деп жариялануына және «Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес,  Шу ауданында педагогтар мен ата-аналар арасында «Есірткісіз болашақ» тақырыбында конференция өтті.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ – ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ КЕПІЛІ

Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейде Тараз қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында шара өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға ҚР-ның Қылмыстық кодексіндегі зорлық-зомбылық және есірткі заттарын таратуға байланысты негізгі нормалар түсіндірілді.

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау және қолдау мәселелеріне арналған брифинг өтті. Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов бөлінген қаржы, қол жеткізілген нәтижелер және қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі жоспарлар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады.