1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында 5513 әскери бөлімінде ерекше мереке өтті. Сайысқа қатысқан өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде сайрап, әскери рух пен мәдениетті ұштастырды. Мерекелік шараның басты мақсаты – достық пен татулықты нығайту.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» тақырыбында ашық есік күні өтті. Жоғары оқу орындарының студенттері мен жас мамандарға фискалдық органның ішкі тыныс-тіршілігі көрсетілді. Кездесу барысында бүгінгі таңда адалдық — мемлекеттік қызметшінің басты капиталы екені ерекше атап өтілді.
Жамбыл облысында дін саласында қызмет атқаратын мамандарға арналған облыстық екі күндік оқыту семинары өтті. Семинарға өңірдің барлық аудандарынан келген ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ діни бірлестік өкілдері қатысты. Жалпы саны жүзге жуық қатысушы бас қосқан жиында саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Согласно распоряжению Главного командования Национальной гвардии РК, во всех подразделениях страны стартовал масштабный месячник питания под эгидой «Пища — основа силы человека». Одним из передовых участников инициативы стала воинская часть 5513, дислоцированная в городе Тараз, где реализация мероприятий возведена в ранг приоритетных задач.
В Жамбылской области прямо сейчас запускается новый образовательный проект — «Tomorrow School». Базируется он в Жамбылском политехническом высшем колледже, но открыт абсолютно для всех жителей региона. Это не обычные курсы с учителями. Обучение идет по системе «peer-to-peer» — это когда студенты учатся друг у друга, вместе решают задачи и сами проверяют чужие работы. Здесь нет лекций в привычном понимании, только практика и реальные проекты.
Накануне состоялось выездное заседание Республиканского совета по противодействию коррупции при партии «AMANAT». В совещании приняли участие председатель Совета, депутат Мажилиса Ерлан Саиров, аким области Ербол Карашукеев, а также представители депутатского корпуса и правоохранительных органов. На повестке дня — состояние антикоррупционной деятельности в регионе и ход реализации Предвыборной программы партии.
Тараз қаласында өткен «Жас қыран» әскери-патриоттық байқауы жасөспірімдер үшін ерекше әсерге толы шара болды. Екі күн бойы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жөндеу-қалпына келтіру базасы нағыз жарыс алаңына айналып, мектеп оқушылары әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өзара бақ сынады. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери полициясы өздерінің кәсіби мерекесін – құрылғанына 29 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Әскердегі қатаң тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуді басты мақсат тұтқан бұл құрылымның оңтүстік өңірдегі қызметін Тараз өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы абыроймен атқарып келеді.
Жамбыл облысында жаңа білім беру бастамасы — «Tomorrow School» жобасы өз жұмысын бастады. Ол Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында жүзеге асырылып жатыр, бірақ жоба өңірдегі барлық тұрғындарға ашық. Бұл — дәстүрлі мұғалімдері бар курстар емес. Мұнда студенттер бір-бірінен үйреніп, тапсырмаларды бірге орындап, жұмыстарын өзара тексереді. Дәстүрлі дәрістер жоқ, тек тәжірибе мен нақты жобаларға негізделген оқыту бар.
Күні кеше «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиынға Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, сондай-ақ депутаттық корпус пен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі және партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.