10 Май 2025, Сб

«БІР АУЫЛ-БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Бүгін Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы әлеуметтік мәселелер және өнеркәсіп жөніндегі салалық кеңестердің бірлескен отырысы аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасын ілгерілету және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау мәселесі талқыланды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бағдарлама ауыл бизнесін қолдауға , бірегей жергілікті тауарлар жасауға және ауыл тұрғындарын нарықта сертификатталған және сұранысқа ие өнім өндіріп, тартуға бағытталған.