23 Апр 2025, Ср

БІЛІМ КҮНІ САРЫСУ АУДАНЫНДА АТАП ӨТІЛДІ

1 қыркүйек – Білім күні барлық мектептер мен білім ордалары оқушылар мен білім алушыларға есігін айқара ашты.  Жамбыл облысында биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 23 мыңға жуық оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.  Оның 886-сы Сарысу ауданындағы білім ұяларында оқитын болады. Жалпы биыл Сарысуда 9 мыңнан аса оқушы «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысты. Мереке күніне орай, аудан әкімі Сәкен Мамытов оқу ошағына барып, оқушыларды айтулы күнмен құттықтады.