В Таразе поэтапно реализуются масштабные проекты, направленные на модернизацию дорожно-транспортной инфраструктуры и обеспечение горожан комфортным жильем. В целях улучшения транспортного сообщения в городе в период с 2023 по 2026 годы запланирована укладка асфальта на 516 улицах и полная модернизация дорожной сети.
Өзбекстанның Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті. Атап айтсақ, Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта екінші орынды иеленді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 келіні көтеріп, ел абыройын асқақтата түсті.
Ғаламтордағы «садақа» мен «қайырымдылық» ұрандарының артында үлкен қауіп жасырынуы мүмкін. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде шетелдегі мұқтаждарға немесе соғыс аймағындағы тұрғындарға көмек көрсету желеуімен террористік ұйымдарды қаржыландыру жағдайлары кездесуде. Адамгершілікпен жасалған аударым азаматтарды ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы ретте мамандар дабыл қағып, тұрғындарды сенімсіз ақпарат көздерінен абай болуға шақырады.
Жамбыл облысында «Заң мен тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында полиция қызметкерлері халықпен көшпелі профилактикалық кездесулерді тұрақты түрде өткізіп келеді.Бұл шаралардың басты мақсаты — полиция көмегін бұқараға барынша қолжетімді ету, азаматтардың арыз-шағымдарына жедел үн қату және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру
Тараз қаласында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және тұрғындарды жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһардың көлік қатынасын жақсарту мақсатында 2023–2026 жылдар аралығында 516 көшеге асфальт төселіп, жол желісін толық жаңарту жоспарланған.
Түркістанда облыстық Тамыз кеңесі аясында кітапхана ісіне арналған секциялық отырыс өтті. «Кітапхана – зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиесінің ордасы: ұлттық және конституциялық құндылықтар сабақтастығы» тақырыбындағы жиында оқушының кітап оқу дағдысын жетілдіру, оқырман мәдениетін дамыту және мектеп кітапханаларының заманауи мүмкіндіктері сөз болды.
Сайрам ауданында ғасырдан астам тарихы бар «Манкент» теміржол вокзалы жаңғыртылып, қайта пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында заманауи талаптарға сай қайта жабдықталған. Жаңа вокзал жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданының тұрғындарымен кездесіп, елді мекендердегі өзекті мәселелерді тыңдады. Ашық диалог барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау және ауыз сумен қамту мәселелері сөз болды. Өңір басшысы алдағы жоспарларға тоқталып, тұрғындардың ұсыныстары бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістанда инвесторлармен ашық кездесу өтті. Жиында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды. Кездесуде өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жұмыстар мен нақты нәтижелер сараланды.
Түркістанда Халықаралық жастар күніне орай «Түркістан жастары: бір толқында» атты мерекелік шара өтті. Жастардың басын қосқан кеште өнер мен спорт, шығармашылық пен белсенділік тоғысты. Қала жастарының жетістігі сараланып, жаңа бастамаларға серпін берілді.