17 Ноя 2026, Вт

User

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Жамбыл облысында көлеңкелі экономиканың үлесін азайту және кәсіпкерлік қызметті заңдастыру бағытындағы жұмыстар күшейтілді. Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерді салық тәртібін сақтауға, ал тұтынушыларды сауда кезінде фискалдық чек талап етуге шақырады. Бұл – бизнестің ашықтығын қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі.

«КРИЗИСТІК РЕЖИМДЕГІ» МЕКТЕПТЕР ТОЛЫҒЫМЕН ЖОЙЫЛДЫ

Тараз қаласында «Білім сапасы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы өңірлік басымдықтар» тақырыбында дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясы өтті. Ауқымды басқосуда өткен оқу жылы қорытындыланып, жаңа маусымдағы негізгі міндеттер айқындалды. Білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жетістіктер жайлы әріптесім тарқатады.

БЕС ЖЫЛДА 113 МИЛЛИОННАН АСТАМ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жамбыл облысында соңғы бес жылда 113 миллионнан астам ағаш отырғызылды. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі орман шаруашылығының жай-күйі, өртке қарсы дайындық және «Сапсан» жедел қызметінің жұмысы талқыланды. Толығырақ әріптесімнің бейнематериалында.

ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы өтті. Құрылтайдың бірінші сессиясындағы сөзінде Мемлекет басшысы Құрылтай депутаттарына жүктелетін жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтті. Айтуынша, Құрылтайдың алғашқы құрамы елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызды рөл атқаруы тиіс

ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ОРТАҚ МЕРЕКЕСІ

Түркістанда этномәдени бірлестіктердің басын қосқан «Бірлікке үн қосқан» республикалық фестивалінің өңірлік байқауы өтті. Мәдени шараның негізгі мақсаты – этносаралық келісімді нығайтып, түрлі этнос өкілдерінің өнері мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттау. Байқау аясында өнерпаздар ұлттық дәстүрі мен шығармашылығын көпшілік назарына ұсынды.

ӘЛЕМДІК ДОДАДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС БАЛУАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Түркістан облысының қос балуаны еркін күрестен U20 әлем чемпионатынан жүлдемен оралды. Словакияның Братислава қаласында өткен байрақты бәсекеде Бекасыл Асамбек күміс, Нұрасыл Асамбек қола медаль иеленді. Жас спортшыларды Түркістан халықаралық әуежайынан спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, туған-туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

ДЕСТРУКТИВТІ АҒЫММЕН КҮРЕС

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында пайда болған «діни вакуум» салдарынан елге сырттан келген дәстүрлі емес діни ағымдар ене бастады. Солардың бірі – Қазақстанда заңмен тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымы. Аталған деструктивті ағымның негізгі мақсаты мен қоғамға тигізер кері әсері қандай? Толығырақ тілші бейнематериалында. 

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Заңға құрмет – қоғамға деген жауапкершіліктен басталады. Бүгінде елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға ерекше мән беріліп отыр. Ең бастысы – әр азаматтың өз құқығын білуі, өзгенің құқығын құрметтеуі және заң талаптарын күнделікті өмір салтына айналдыруы. Себебі заң үстемдігі бар жерде әділеттілік, ал тәртіп бар жерде тұрақтылық болады.

БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысының білім беру объектілерінің жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығы пысықталды. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз әрі сапалы білім алуын қамтамасыз ету – мемлекеттік басты міндеттердің бірі. Өңірдегі мектептер мен интернаттардың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы қай деңгейде? Толығырақ әріптесім тарқатады.

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

Бүгін «Мөлдір бұлақ» балалар лагерінде жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты басталды. Биылғы сайысқа Қазақстаннан бөлек, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжаннан келген мамандар да қатысып жатыр. Чемпионаттың ашылуына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алтай Әлі қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.