В Жуалынском районе Жамбылской области ко Дню Республики состоялось открытие автомобильного проезда под железной дорогой на станции Боранды. Новый объект обеспечит безопасное и беспрепятственное движение транспорта. В торжественной церемонии приняли участие аким области Ербол Карашукеев, Халық қаһарманы Бакытжан Ертаев и Қазақстанның Еңбек Ері Мукаш Искендиров.
Байзақ ауданы, Бурыл ауылындағы №6 орта мектепте айтулы шара өтті. Мұнда оқушыларды Ұлттық ұланның «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қабылдау салтанаты ұйымдастырылды. «Елімнің еркіндігі – ұрпақтың мақтанышы» деген атаумен өткен салтанатты жиынға әскери қызметшілер, ардагерлер, кәсіпкерлер мен мектеп ұжымы қатысты.
Тараздағы Достық үйінде «Гүлдене бер, туған жерім!» атты поляк поэзиясын көркем түрде оқудан дәстүрлі III байқау өтті. Шараның басты мақсаты – поляк әдебиетін насихаттау, көркемсөз оқу өнерін өркендету және этносаралық мәдени байланыстарды бекемдеу. Мәдени кешті Жамбыл облыстық поляк этномәдени бірлестігі Алматы қаласындағы Польша Республикасының Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырды.
Таразда Республика күніне орай «Ұлт рухы – домбыра үні» атты салтанатты флешмоб пен «Домбыра пати» шоуы өтті. «MART» сауда-ойық-сауық орталығында ұйымдастырылған ауқымды шарада жас өнерпаздар күмбірлеген күй тартып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараға Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова арнайы қатысты.
Республика күні қарсаңында Жамбыл облысының орталығында күрделі жөндеуден өткен «Тараз» теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай елімізде көлік-транзит әлеуетін арттыру және теміржол инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде. Осы бағдарлама аясында өңірдегі бес станция қайта жаңартылып жатыр.
Жуалы ауданында теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев және Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров қатысты. Ербол Қарашөкеев Жуалы жұртшылығын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында өңірде автомобиль жолдарын жөндеу және жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, еңбек үздіктері, өңірдегі әртүрлі саланың көшбасшылары, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Түркістан қаласында ұлттық спорт түрлерін дамытуға арналған жаңа нысан пайдалануға берілді. Ұлттық спорт мектебінің ашылу салтанатына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, мекеменің жұмысымен танысты. Жаңа нысан ұлттық спортты дәріптеп, жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Түркістанда Республика күні мен қала күні қарсаңында 14 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жеті қабатты баспаналарда 588 отбасы қоныс тойын тойламақ. Толығырақ алдағы сюжетте.
К празднику Дня Республики в селе Тоғызтарау Жамбылского района сдали в эксплуатацию обновлённое здание средней школы имени Төлегена Тоқтарова. В рамках программы «Ауыл – Ел бесігі» к учебному заведению пристроили новый корпус с современными кабинетами, лабораториями, спортивным залом и столовой.