14 Май 2025, Ср

admin

УЧЕБНО-ТРЕНИРОВОЧНЫЕ МЕРОПРИЯТИЯ ПО УСТРАНЕНИЮ ПАВОДКОВЫХ УГРОЗ

В целях подготовки системы гражданской защиты к ликвидации чрезвычайных ситуаций весеннего периода, а также отработки управленческих решений по организации защиты населения и населенных пунктов в условиях паводковой опасности в Байзакском районе Жамбылской области состоялось республиканское командно-штабное учение «Көктем-2024».

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ 40 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 40 санитарлық жедел жәрдем көлігі табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 30 бірлік қызметтік көлік беріліп, тозу деңгейі 47 пайыздан — 18 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде. Салтанатты шарада осылай деген аймақ басшысы, саланы дамытуға бағытталған мұндай қолдаулар ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, ана мен бала өліміне араша түсуге септігін тигізуі тиіс екендігін атап өтті.

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды жүргізу бойынша кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің бірлескен іс-қимылдары өтті. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев шараға қатысып, Күйік асуында қар құрсауында қалған адамдарды құтқару бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың барысымен танысты.

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл. Осыған орай, облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен «Бабадан ерлік — балаға үлгі!» атты кездесу өтті. Жиынға ауған соғысының ардагерлері, волонтерлер, ЖҚБ мен ҮЕҰ басшылары, ұстаздар мен студент жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ

Жамбылдық полицейлер 5 күн көлемінде өткізілген республикалық «Тосқауыл» жедел-прлфилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Тәртіп сақшылары  барлығы 11 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Олардың қатарында  синтетиканы орап, жасырумен айналысқан есірткі тасымалдаған 26 жастағы азаматша да бар. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев 5 келі 178 гр есірткі заттары тәркіленгенін хабарлады. Оның ішінде 109 гр синтетика және 4 келі 842 гр – қара нарықта құны 10 миллион теңгеден асатын үнді қарасорасы сортындағы кептірілген марихуана алынды. Жедел уәкілдер Telegram каналы арқылы есірткі сатумен айналысқан 26 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Ол мефедрон, альфа-РVP синтетикалық есірткі заттарын грамдап орап, облыс орталығының аумағында жасырын орындарға қойып кетумен айналысқан. Оның пәтерінде балконнан 108 грамм синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ есірткіні жарнамалайтын 31 интернет-сайт бұғатталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық фактілері бойынша республикалық іздеуде жүрген үш күдікті ұсталды. Жамбыл облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, колонияларға қоршаудың сыртынан есірткі лақтырмақ 2 деректің жолы кесілді.  Көші-қон қызметімен бірлесіп көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді, оған 80 полиция қызметкері жұмылдырылды. Барлығы 123 шетелдік азамат қамтылды, оның 46-сына қатысты әртүрлі бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, 11 факт бойынша елден шығару үшін материалдар дайындалды. 65 профилактикалық іс-шараға 3 мыңнан астам колледж, ЖОО, мектеп оқушылары қатысты. Қоғамдық орындарда есірткіге қарсы тақырыпта 2000-ға жуық брошюралар таратқан.

 

 

ОБЛЫС ӘКІМІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданының орталығында жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен «Көктем-2024» республикалық оқу-жаттығу жиынын бақылады.