ТЕЛЕКАНАЛ 77TV

ВАШ ТЕЛЕКАНАЛ

«АРАЛ-СЫРДАРИЯ» БАССЕЙНДІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оқу уақыты 1 мин.

 

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты мәжіліс өтті. Жиында «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының жаңа басшысы таныстырылды. Бұл лауазымға осыған дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарған Зейнулла Қазтоғанов тағайындалды. Зейнулла Молдағалиұлы 1972 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998-1999 жылдары Су ресурстары комитеті «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің инженері болып бастаған.  Кейін әр жылдары Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясында түрлі қызметте болған. Осы күнге дейін инспекция басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Өңір басшысы Зейнулла Қазтоғановтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп,бірқатар міндеттерді айқындап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *